Жең аузын қосып тігілген тұйықталмаған манжетамен өңдеу Жең аузын қосып тігілген түймелікті манжетамен өңдеудің өз
ерекшеліктері бар. Әдетте, мұндай манжета білекті айтарлықтай
тығыз қонып тұрады, сондықтан астыда жеңнің ені қолдың емін-
еркін кіріп-шығуы үшін жеткіліксіз болады. Қолдың кіруін
қамтамасыз ету үшін жеңнің астыңғы қиығын тілу қарастырылған.
Тіліктің жақтары өңделуі тиіс. Қосып тігілген түймеленетін
манжетасы бар жеңді дайындаудың жалпы тәртібі мынадай:
■
жең аузы тілігінің жақтарын өңдейді;
■
қосып тігілген манжетаны өңдейді;
■
манжетаны жеңмен біріктіреді;
■
манжетада түймелікті дайындайды.
Жең аузы тілігінің жақтарын шеттіктеу тігісімен, бүктеме
тігіспен, жапсырма планкамен өңдейді.
Жең тілігін шеттіктеу тігіспен өңдеуді тілік сызығын
белгілеуден және белгіленген сызық бойынша жең аузын тілуден
бастайды. Тілікті, түймеліктің бітеу тілігі сияқты, екі жабық
қиықты көлбеу көмкермемен немесе бойлық бағытта пішілген
әдіппен шеттіктейді (2.4.2-бөлімшені және 2.16,
а, б суретін
қараңыз).
Жең тілігінің жақтарын жабық қиықты бүктеме тігіспен өңдеу
кезінде әуелі жеңде арқаужіпкен сәйкес келетін тілік сызығын
белгілейді де, жеңді осы сызық бойынша дәлме-дәл кеседі. Тілің
соңында оның екі жағынан да ұзындығы 10 мм көлденең кертпелер
жасайды. Тілік жақтарын бүгеді және ені 1 м жабық қиықты
бүктеме тігіспен бүгіп тігеді. Бүгіліс ені 5 мм. Бұл ретте тілікрің
жеңнің бойлық қиығына жақын орналасқан жағын беткі жағына
бүгіп тігеді (2.28-сурет,
а ,
1 -тігім). Тіліктің басқа жағын жеңнің
ішкі жағына бүгіп тігеді (2-тігім). Одан кейін тіліктің жеңнің ішкі
жағына бүгіп тігілген жағын тіліктің беткі жаққа бүгіп тігілген
жағына жапсырады. Бұл ретте жеңде тіліктің үстінде тереңдігі 20
мм қатпар пайда болады. Бұл қатпарды және тіліктің үстін
бекітпемен – тікбұрыш пішінді тігіммен тіліктің үстіндегі көлденең
қиық бекітпе тігімдерінің арасында орналасатындай етіп бекітеді.
Жең тілігінің жақтарын, түймеліктің бітеу тілігі сияқты, бастыр-