2.26
-сурет. Жең аузын тұтас пішілген манжетамен өңдеу
бүктейді және жасалған бүгілісті белгі сызығымен сәйкестендіріп,
жеңге ені 1...2 мм тігіспен сырып тігеді (
3
-тігім). Қалың
материалдардан жасалған бұйымдарда жеңнің астыңғы қиығын
жиектеп торлайды, одан кейін торланған жиекті жеңге сырып
тігеді. Манжетаны беткі жағына модельмен қарастырылған шамаға
бүгеді және оны жеңде бірнеше жерде қолмен немесе жасырын
инешаншымдық машинада жасырын инешаншымдармен бекітеді
(
4
-тігім).
Қатты пішінді тұтас пішілген манжетаны өңдеуді астарсыз
орындайды. Жеңнің ішкі жағында астыңғы қиықтан манжетаның
еніне тең арақашықтықта орналасқан көмекші сызық жүргізеді.
Жеңнің астыңғы қиығын ішкі жағына қарай бүктейді және оны
белгіленген сызықпен сәйкестендіреді. Одан кейін астыңғы қиықты
негізгі бөлшекпен бүгеді және оны бүгіп тігеді, бұл ретте тігімді
манжета жақтан бүгілістен 3,5...5 мм арақашықтықта салады (2.26-
сурет,
б
,
1
-тігім). Жеңді беткі жағына бүгеді де, баса үтіктейді. Жең
аузының бойымен әрлегіш тігім салынуы мүмкін, одан жеңнің
астыңғы жиегіне дейінгі арақашықтық 3,5...5 мм. Одан кейін жеңді
сырып тігеді (2-тігім), сырып тігу тігісінің қиықтарын жиектеп
торлайды (
3
-тігім). Жеңнің астындағы сырып тігу тігісінің
қосымшасын жеңге қосарлы кері
4
-тігіммен сырып тігеді.
Достарыңызбен бөлісу: