Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Жең аузын қосып тігілген тұйық манжетамен өңдеу



Pdf көрінісі
бет147/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Жең аузын қосып тігілген тұйық манжетамен өңдеу
Ұштары тұйық қосып тігілген манджета жеңмен модельге 
байланысты әртүрлі тәсілдер арқылы біріктіріледі. Астармен тұтас 
пішілген манжетаны беткі жағын ішіне қаратып қояды, ұштарының 
қиықтарын сәйкестендіріп, ені 5...7 мм тігіспен сырып тігеді (2.27- 
сурет, 
а

1
-тігім). Тігіс қосымшаларын айыра үтіктейді. Егер 
манжета арқаужіпке 45° бұрышпен пішілсе, онда ұштарын сырып 
тігу тігімін арқаужіп бағытында салады. Жең қиықтарын жиектеп 
торлайды (
2
-тігім). Жеңді ені 10 мм тігіспен сырып тігеді (
3
-тігім), 
сырып тігу тігісінің қосымшаларын айыра үтіктейді. Манжетаны 
ішкі жағын ішке қаратып тең етіп салады, манжета мен оның 
226


астарларының қиықтарын сәйкестендіреді, бүгілісті баса үтіктейді. 
Дайындалған манжетаны беткі жағымен жеңнің беткі жағына 
салады, қиықтарын сәйкестендіреді. Манжетаны астар жақтан ені 
8...10 мм тігіспен жең аузына қосып тігеді (
4
-тігім). Қосып тігу 
тігісінің қиықтарын жиектеп торлайды (
5
-тігім). Манжетаны беткі 
жағына айналдырады, қосып тігу тігісінің қосымшаларын жең 
жаққа жатқыза үтіктейді. Манжетаны қосып тігу сырып тігу- 
жиектеу машинасында қиықтарын жиектеп торлаумен қатар 
жүргізілуі мүмкін. 
Егер моделі бойынша ұштары тұйық қосып тігілген манжета 
беткі жағына қайырылса, дайындалған манжетаны беткі жағын 
жеңнің ішкі жағына қаратып жапсырады және жең жақтан қосып 
тігеді (2.27-сурет, 
б

1
-тігім). Одан кейін қиықтарды жиектеп 
торлайды (
2
-тігім). Қалың материалдардан жасалған бұйымдарда 
қосып тігу тігісінің қосымшаларын жең жаққа бүгеді де, жеңге 
сырып тігеді (
3
-тігім). Тігімді торланған жиектен 2...3 мм 
арақашықтықта салады. Манжетаны беткі жағына қайырып, қосып 
тігу тігісін жабады және жеңде қолмен немесе жасырын 
инешаншымдық машинада жасырын инешаншымдармен бекітеді 
(
4
-тігім). 
Сыртқы түрі осындай манжетаны жеңмен көлбеу көмкермені не 
пішілген әдіпті пайдалану арқылы біріктіруге болады (2.27-сурет, 
в
). Көмкерменің не әдіптің ұштарын сырып тігеді, тігіс 
қосымшаларын айыра үтіктейді. Көмкерменің не әдіптің ішкі 
қиығын ені 1 мм ашық қиықты бүктеме тігіспен бүгіп тігеді (
1

тігім). Бүгіліс ені 5...7 мм. Қиықтары сырып тігілген және 
жиектелген жеңнің беткі жағына дайын манжетаны кигізеді, оның 
астарын жеңнің беткі жағына орналастырады. Манжетаның үстіне 
дайын көмкермені не әдіпті кигізеді, бұл ретте оны беткі жағын 
манжетаның 
беткі 
жағына 
қаратып 
қояды. 
Қиықтарды 
сәйкестендіреді және көмкермелі не әдіпті манжетаны жең аузына 
қосып тігеді (
2
-тігім). Тігіс ені 7...10 мм. Одан кейін қосып тігу 
тігісінің қосымшаларын көмкермеге не әдіпке ені 2...3 мм тігіспен 
сырып тігеді (
3
-тігім). Көмкермені не әдіпті жеңнің ішкі жағына 
бүгеді, жеңнен жиек жасай отырып, тігісті түзейді және жеңге 
қолмен немесе жасырын инешаншымдық машинада жасырын 
инешаншымдармен қосып тігеді (
4
-тігім). Көмкерменің не әдіптің 
шеті жеңге сырып тігілуі мүмкін. Бұл жағдайда көмкерменің не 
әдіптің ішкі қиығын алдын ала бүгіп тікпейді. 
Егер моделі бойынша жең аузы жинақталып, қатпарлармен 
салынып, ұштары тұйық қосып тігілген манжетамен өңделсе, онда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет