Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Шалбар пішімінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет20/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Шалбар пішімінің ерекшеліктері. 
Шалбар дайындауға кіріспес 
бұрын, жаппай өндіріске арналған техникалық шарттарда 
келтірілген сыртқы түр сипаттамасымен немесе киімді жеке 
дайындау кезіндегі түбіртек жазбаларымен және суреттемемен 
танысып алу қажет. Пішімді мынадай реттілікпен тексереді: пішім 
бөлшектерінің болуы, арқаужіп, сурет бойынша пішімнің 
дұрыстығы, бөлшектерде текстильді ақаулардың болуы. Шалбар 
бөлшектері пішуге арналған техникалық шарттарға сәйкес пішілуі 
тиіс. 
Шалбардың алдыңғы 
және 
артқы бөліктерінде 
(1.6-сурет, 
а, б

арқаужіп астыңғы ені бойынша және тізе деңгейінде шалбар бөлігі 
ортасының нүктелерін біріктіретін сызыққа параллель өтуі тиіс. 
Суретсіз мата үшін арқаудың қалыпты бағытынан алдыңғы бөлікте 
3%, артқы бөлікте 4% ауытқуға жол беріледі. Жолақты не торлы 
суреті бар мата үшін шалбардың алдыңғы бөлігінде ауытқуға жол 
берілмейді, артқы бөлігінде 3%-дан артық ауытқуға жол берілмейді. 
Орташа және ірі анық көрінетін торлы суреті бар мата пішімі 
кезінде бүйір тігістердегі көлденең жолақтар сәйкес келуі тиіс. 
24


Бүйір қалтаның үстіңгі ұшын 
үстіңгі қиықтан 5 см-ден жақын 
емес арақашықтықта орналастырады. Бүйір қалта ойығының 
ұзындығы 48-ші өлшемді бұйымдар үшін 18 см-ге тең, сағаттық 
қалта ойығының ұзындығы 7... 8 см. 
Шалбардың артқы оң жақ бөлігіндегі 
қалта сызығы 
шалбардың 
үстіңгі қиығынан 8 см арақашықтықта және бүйір қиықтан 4...5 см 
арақашықтықта өтуі тиіс. 
Жеке тапсырыс бойынша жасалатын 
шалбардың артқы бөлігін 
пішу кезінде 
шалбардың артқы бөлігіне көмекші қосымшалар 
жасалады: адым қиығына және ортаңғы қиыққа үстінен 2...3, 
астынан 1 см. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет