Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет18/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Астар бөлшектері 
келесідей техникалық шарттарға сәйкес 
пішіледі. 
Артқы бойды екі бөліктен кесіп пішеді. Арқы бойдағы арқау бел 
сызығынан етекке дейінгі бөліктегі ортаңғы қиыққа параллель өтуі 
тиіс. 
Алдыңғы бойды арқаужіп қолтық ойындысынан төмен бөлікте 
бүйір қиығына параллель өтетіндей етіп пішеді. 
Жең астарының үстіңгі және астыңғы бөліктерінде арқаужіп 
алдыңғы қиықтың үстіңгі және астыңғы бұрыштарын біріктіретін 
сызыққа параллель өтуі тиіс. 
Қақпақша астарын негізгі матаның түсіне қарай астарлы матадан 
қақпақша пішіні бойынша пішеді. Арқаужіп бөлшек бойымен, яғни 
оның үстіңгі және астыңғы қиықтарына параллель өтуі тиіс. 
Қақпақша астары қақпақшадан 0,5 см қысқа және 0,25 см-де болуы 
тиіс. 
Қақпақшалы қалта шілтерін негізгі мата түсіне қарай астарлы 
матадан кесіп пішеді. Арқаужіп бөлшектің бойымен өтуі тиіс. 
21


Арқаужіптің қалыпты бағытынан ауытқуға жол берілмейді. Шілтер 
ұзындығы әдіп ұзындығына, ені 6...7 см-ге тең болуы тиіс. 
Жапсырмалы қалта астарын, белдікшені, сондай-ақ ілгекті 
арқаужіп бөлшек бойының ортасынан жүргізілген сызыққа 
параллель өтетіндей етіп кесіп пішеді. 
Астардың кесіп пішілген бөлшектерінің ауытқуы бөлшек 
ұзындығының 1 %-ынан аспауы тиіс. 
Астар пішімінің бөлшектерін лекалолар бойынша тексерген 
кезде қиықтарда сырт бөлшектердегі сияқты ауытқуларға жол 
беріледі. 
Астар бөлшектерінің бірін – өлірлік іштікті – өңірлік матадан 
пішеді. Арқаужіп бүйір қиыққа параллель өтуі тиіс. 
Іштік негізгі матадан пішілген алдыңғы бойдан жалпағырақ 
болуы тиіс: лацкан бойынша (лацканды қабу кезінде қондырма 
үшін) 1,5... 2 см, қолтық ойындысы, мойын және иық қиығы 
бойынша 0,5...0,75 см. 
Иық қондырмаларын арқау немесе арқаужіп иық қиықтары мен 
қолтық ойындыларына сүйір бұрышпен өтетіндей етіп пішеді. 
Астыңғы жаға іштігін іштіктегі арқаужіп астыңғы жаға 
арқаужібінің бағытымен сәйкес келетіндей етіп пішеді. 
Жең аузының іштігі коленкордан не бөзден, арқаужіп бөлшек 
бойының ортасынан жүргізілген сызыққа параллель өтетіндей етіп 
пішіледі. Іштік ұзындығы жең аузының еніне байланысты, ені 6... 7 
см болуы тиіс. 
Талшықты іштік кеуде тұсындағы алдыңғы бойға беріктік пен 
иілгіштік үстеуге арналған. Талшықты іштік екі бөліктен тұрады: 
талшықты 
қондырма 
және 
талшықты 
бағанша. 
Оларды 
қондырмадағы арқаужіп көлденең, ал бағаншадағы арқаужіп бойлай 
өтетіндей етіп пішеді. 
Талшықты қондырманың шеттері бойынша төсеуге арналған 
жиынтықты мақта-мата кездемеден пішеді. Арқаужіп бөлшекке 
көлденең өтуі тиіс. Жиынтық ені 3 см, ұзындығы талшықты 
қондырманың екі бүйір және астыңғы жақтарының ұзындығының 
қосындысына тең. 
Қалта астарын арнайы қалта матадан пішеді. Арқаужіп бөлшекті 
бойлай ортасынан өтуі тиіс. Арқаужіптің қалыпты бағытынан 
ауытқуға жол берілмейді. Астар ені әдіп пен шілтер ұзындығына 
тең болуы тиіс. Астардың орташа ұзындығы 40... 42 см. 
Қалта астындағы бойлықты коленкордан не бөзден пішеді. 
Арқаужіп бөлшекті бойлай ортасынан өтуі тиіс. Бойлықтың 
ұзындығы бүйір қиықтан бүйір қалтаның алдыңғы ұшына дейінгі 
арақашықтыққа қосымша 2 см-ге тең болуы тиіс, ені – 5 см. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет