Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет21/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Қалта қақпақшаларында 
(1.6-сурет, е) арқаужіп қалта 
орналасқан шалбар бөлігінің арқаужібіне сәйкес келуі тиіс. 
Арқаужіптің қалыпты бағытынан жол берілетін ауытқулар: суреті 
жоқ мата үшін 5 %, суреті бар мата үшін 2 %. 
Гульфикте 
(1.6-сурет, 
в

арқау шалбар бантының қиығына 
параллель өтуі тиіс. Арқаужіптің қалыпты бағытынан жол берілетін 
ауытқулар: суреті жоқ мата үшін 10 %, суреті бар мата үшін 2 % 
Қимада 
(1.6-сурет, 
г
) арқаужіп ішкі қиыққа параллель өтуі тиіс. 
Арқаужіптің қалыпты бағытынан жол берілетін ауытқулар: суреті 
жоқ мата үшін 10 %, суреті бар мата үшін 2 %. 
Белбеуде 
(1.6-сурет, 
д
) арқау үстіңгі қиыққа параллель өтуі тиіс. 
Біртегіс боялған матадан пішілген шалбарда шалбар белбеуін 
арқаужіптен кесіп пішуге жол беріледі. Арқаужіптен жол берілетін 
ауытқулар суреті жоқ және бар маталар үшін 2 %. 
1.7
-сурет. Бүйір қалталарының тұтас пішілген әдіптері, гулфигі және 
қимасы бар шалбардың алдыңғы бөліктері 
25


Көйлек пішімінің бөлшектері
Пішім бөлшектерінің жиынтығына тұрақты емес және модельге 
қарай өзгеріп отыратын көптеген бөлшектер кіреді. Мысалы, 
көйлектің алдыңғы жағы тұтас болуы мүмкін немесе екі не үш 
бөліктен тұруы мүмкін, жең біртігісті және екітігісті және т.б. 
болуы мүмкін. 
1.8, 
а 
суретінде көрсетілген көйлекті дайындау үшін мынадай 
бөлшектерді пішеді: алдыңғы бой – екі бөлшек, артқы бой – бір 
бөлшек, белдемшенің алдыңғы ені – бір бөлшек, белдемшенің екі 
бөліктен тұратын артқы ені – екі бөлшек (тұтас болуы мүмкін), 
үстіңгі жаға – бір бөлшек, астыңғы жаға – бір бөлшек (екі бөліктен 
болуы мүмкін), өңірасты – екі бөлшек, манжета – екі бөлшек, 
жапсырмалы қалта – бір бөлшек, белбеу – бір бөлшек. 
Модельге қарай алдыңғы бойдың орнына бір тұтас бөлшек – 
алдыңғы жақ болуы мүмкін; артқы бойдың ортасында тігіс болуы 
мүмкін; алдыңғы жақ пен артқы бой белдемше енімен тұтас 
пішілген болуы мүмкін; жең екі бөліктен тұруы мүмкін, ал жаға 
тұтас (астыңғы жаға мен үстіңгі жаға) бірге болуы мүмкін және т.б. 
Киімді 
модельдеуде, 
конструкциялауда 
және 
оның 
технологиясында қиықтар мен пішім бөлшектері сызықтарының 
келесідей бірыңғай атаулары қабылданған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет