Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


ҚҰРАМЫНДА ПОЛИУРЕТАН ЖІПТЕРІ БАР



Pdf көрінісі
бет211/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

ҚҰРАМЫНДА ПОЛИУРЕТАН ЖІПТЕРІ БАР 
МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАРДЫ 
ӨҢДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
Полиуретан жіпті стрейч маталар, трикотаж жаймалар 
(спандексом, лайкрой) жоғары созылмалылыққа ие. Мұндай 
материалдардан жасалған киім денебітімді жақсы қынап тұрады, 
айтарлықтай аз мыжылады, пішінін жақсы сақтайды. Полиуретан 
жіптерді матада көбінесе арқауда пайдаланады. Олар негізде, 
сондай-ақ негіз бен арқауда қатар орналасуы мүмкін. Соңғы 
жағдайда мата екі бағытта да созылмалы бола түседі. Маталарда 
политуретан жіптердің мөлшері 2...5%-ды құрайды және бұл жіптер 
жайма 
құрылымында 
үнемі 
жасырын 
болады. 
Шомылу 
костюмдеріне, іш киімге, спорттық киімге арналған трикотаж 
жаймаларда полиуретан жіптердің мөлшері 25...30%-ға жетеді, бұл 
тым созылмалы материалдардың жасалуына мүмкіндік береді. 
Полиуретан жіпті материалдардың негізгі ерекшеліктеріне 
олардың жоғары созымдылығы, сондай-ақ ЫЖӨ кезінде 
политуретан жіптердің жылуға төзімділігінің салдарынан жоғары 
отыру дәрежесі жатады. 
Материалдардың теріс қасиеттерінің киім сапасына әсерін 
азайту үшін оларды төсер алдында және пішер алдында төсегеннен 
кейін бос күйінде тынықтыру қажет. 
ЫЖӨ операцияларының саны барынша азайтылуы тиіс. 
Үтіктегіш беттің температурасын 120...130 °С-ке дейін төмендету 
керек. 
Полиуретан жіпті маталардан жасалған бұйым бөлшектерін 
біріктіруді тізбекті инешаншымдық сырып тігу машинасында 
созылмалы инешаншымдар мен тігімдердің көмегімен немесе 
қайықты машинада ирек ені 0,5...1 мм және инешаншым ұзындығы 
2...3 мм ирек тігіммен орындайды. Бөлшектердің қиықтарын 
жиектеп торлайды. 
Қажет болған жағдайда, стрейч маталардан жасалған бұйым 
328
4.7.


бөлшектері трикотаж негізіндегі желімдік іштік материалдармен 
қатырмалануы мүмкін. Қатырмалауды буламастан орындайды. 
Қатырмалау ұзақтығы 15 с, үтіктегіш беттің температурасы 
120...130°С, қысым ең төмен. 
Бұйымның 
тұрақты 
өлшемдерін 
сақтау 
үшін 
иықты 
бұйымдардың иық қиықтары және белдемшелер мен шалбарлардың 
үстіңгі қиығы бойынша желімдік не желімсіз жиек салынуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет