ТАБИҒИ БЫЛҒАРЫДАН ЖАСАЛҒАН
БҰЙЫМДАРДЫ ӨҢДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Былғарының олардан жасалған бұйымдарды тігу технологиясын
таңдаумен байланысты негізгі қасиеттеріне қаттылық, қалыңдық,
серпімділік, тесімділік, жоғары температуралардың әсеріне
төзімсіздік жатады. Сондықтан табиғи былғарыдан жасалған
бұйымдарды тігу кезінде ЫЖӨ пайдаланылады, ал бұйымдарға
көлемді пішінді конструктивтік жолмен береді. Былғарының
инемен тесімділігі машина жұмыстарын аса мұқият орындауды
талап етеді және көктеу мен қайта жөндеуді болғызбайды.
Бөлшектерді жайып, пішу үшін лекалолардың толық жиынтығын
дайындайды. Лекалоларды жаюды әрбір былғарының беткі жағында
бөлек-бөлек орындайды. Ең жауапты бөлшектерді былғарының
ортаңғы (қалың) бөлігіне жаяды, симметриялы бөлшектерді жота
сызығынақатысты симметриялы етіп орналастырады. Әуелі ірі
бөлшектердің, одан кейін ұсақ бөлшектердің лекалоларын жайып,
жиектейді. Жиектеуді қарындашпен не қаламсаппен орындайды.
Бөлшектерді тері илеу пышағымен кеседі немесе шапқыш баспақта
орнектеп шабады.
Тігу үшін материалдарды жылжытатын арнайы механизмдері
бар қайықты инешаншымдық тігін машиналарын пайдаланады. Ол
үшін тефлон жабыны бар табандықтарды және ұсақ тістері бар
төрткілдештерді қолданады. Машина астында жылжытуды
жеңілдету үшін былғарының бетін тігім сызығы бойынша силикон
эмульсиямен, машина не силикон маймен майлайды.
Бөлшектердің қиықтарын қайым, айырма, бастырма немесе
жабық не ашық қиықты жапсырма тігіспен біріктіреді. Ашық
қиықты тігістерді анағұрлым қалың және қатты былғарыдан бұйым
тігу үшін пайдаланады. Ашық қиықтар тісше не шашақ түрінде
болуы мүмкін.
Тігу кезінде күрекше түріндегі қайрақты машина инелерін және
үшқырлы қайрақты қол инелерін пайдаланады. Полиэфирлік
(лавсанды) кешенді не мақта-лавсанды өзекті жіптерді қолданады.
Сырып тігу тігімінің жиілігі 1 см-де 3...3,5 инешаншым.
Қиықтарды созылып кетуден сақтау үшін беймата негізіндегі
желімдік іштік материалдарды қолданады, олардың желімдік
жабынының балқу температурасы 80°С-тан аспайды, сондай-ақ
екіжақты желімдік жабыны бар жабысқақ таспаны пайдаланады.
Қиықтар мен тігістерді бекіту үшін желімсіз іштік материалдар мен
жиектерді пайдаланады.
Бастапқы өңдеу белгілеуден, жиектер мен іштіктерді салудан,
бүкпелерді өңдеуден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: