Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Технологиялық жағынан бөлінбейтін операция



Pdf көрінісі
бет213/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Технологиялық жағынан бөлінбейтін операция 
деп тігін 
өндірісінде бір жұмыс орнында үзіліссіз орындалатын және бір 
бөлшекті не бұйымды немесе бір мезетте бірнеше бөлшекті 
өңдейтін жұмысшының 
тізбекті іс-қимылдарынан 
тұратын 
технологиялық процесс бөлігін айтады. Технологиялық бөлінбейтін 
операцияны құрамды бөліктерге бөлу мүмкін емес (мысалы, сол 
330
 

тарау


ор
гт
ех
ж
аб
ды
қт
ау
және оң жеңдерді қолтық ойындысына қондырып тігу). Егер техно- 
5.1-кесте. Бұйым өңдеудің технологиялық реттілігі
Те
хн
ол
ог
ия
лы
қ 
бө
лі
нб
ей
ті
н 
оп
ер
ац
ия
ның
нө
м
ір
і
Те
хн
ол
ог
ия
лы
қ 
бө
лі
нб
ей
ті
н 
оп
ер
ац
ия
ның
қ
ұра
м
ы
М
ам
ан
ды
қ
Б
іл
ік
ті
лі
к 
ра
зря
ды
Ұзақтығы, с, 
модель үшін
Түй
інд
і өң
де
у 
не
ме
се
оп
ер
ац
ия
ны
ор
ы
нд
ау
сх
ем
ас
ы
Ж
аб
ды
қ,
Ө
ңд
еу
т
әсі
лі
А
Б
В
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
логиялық бөлінбейтін операцияны бөлуге тырысатын болсақ, онда 
оны орындау уақыты ұлғайып, өңдеу сапасы нашарлайтын болады. 
Барлық технологиялық бөлінбейтін операциялар дайындау, 
құрастыру-монтаждау және әрлеу операцияларына бөлінеді. 
Дайындау операцияларына 
жекелеген бөлшектер (қақпақшалар, 
өңірастылар, жаға, астар және т.б.) мен түйіндерді (алдыңғы 
бойдағы қалталар, жеңдер және т.б.) дайындаумен байланысты 
операциялар жатады. 
Құрастыру-монтаждау 
операцияларына 
түйіндерді 
құрастырумен байланысты операциялар жатады (алдыңғы бой мен 
артқы бойды иық қиықтары, жағаны мойын ойындысымен, 
жеңдерді бұйымның қолтық ойындыларымен және т.б.біріктіру). 
Әрлеу операцияларына 
тігін бұйымын дайындаудың соңғы 
кезеңінде орындалатын операциялар жатады. Олар: 

ылғалды жылумен өңдеу (баспақтау, үтіктеу жұмыстары, 
жылтырақ іздерді алып тастау); 

бұйымды (өндірістік қоқыстан және ластанудан) тазалау; 

ілгектерді торлау, түйме, ілмек, айылбас және т.б. тағу; 

сапаны бақылау; 

бұйымды қаптау. 
Әрбір технологиялық бөлінбейтін операция машинаның, 
құрылғының көмегімен не қолмен орындалады. Технологиялық 
реттілікті құрастыру кезінде технологиялық бөлінбейтін операция 
331


қалай орындалуы тиіс екенін көрсетеді және жұмыстардың мынадай 
қысқаша белгіленулерін пайдаланады: 
Р — толықтай қолмен немесе қол еңбек құралдарының 
көмегімен орындалатын жұмыс; 
М — сырып тігуші тігін машинасын қолдана отырып 
орындалатын жұмыс; 
С — мамандандырылған тігім машинасының көмегімен 
орындалатын жұмыс; 
А — жартылай автоматты немесе автоматты тігін машинасының 
көмегімен орындалатын жұмыс; 
П — баспақта орындалатын жұмыс; 
У — үтікпен орындалатын жұмыс. 
Жоғарыда аталған жұмыстардың әрқайсысын белгілі бір 
біліктілігі бар жұмысшы орындай алады (мысалы, жартылай 
автоматта жұмыс істеу жұмысшыдан, сырып тігу машинасына 
қарағанда, жоғарырақ біліктілікті талап етеді). Жұмыс разряды 
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік- 
біліктілік анықтамалығы бойынша белгіленеді (46-шығ., «Тігін 
өндірісі» бөлімі, М., 2000). 
Сол не басқа операцияны дайындауға жұмсалатын уақыттың 
нормасын салалық уақыт нормативтері немесе басқа әдебиет 
бойынша анықтайды (негізінен ТӨОҒЗИ әзірлеген конструкциялау, 
дайындау технологиясы, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру 
жөніндегі үлгілік құжаттама пайдаланылады). 
Операцияға арналған уақыт нормасы болмаған жағдайда бұл 
норма нормалаушы орындайтын хронометраждың көмегімен 
белгіленеді. 
Әрбір технологиялық бөлінбейтін операцияны орындау үшін 
қажетті және технологиялық реттілікте көрсетілетін жабдықтар мен 
әртүрлі кеңсе техникасы жарақтарын тігін жабдығы жөніндегі 
анықтамалық әдебиеттен таңдауға болады. 
Бұйымды өңдеудің технологиялық реттіліндегі технологиялық 
бөлінбейтін операциялардың орналасу реттілігіне модельдің 
конструкциясы мен күрделілігі (мысалы, тұтас пішімді және 
қималы өңірасты, қондырма және реглан жең); материалдар және 
оларға байланысты өңдеу тәсілдері (мысалы, тез сетінегіш 
материалдан пішілген бұйым қиықтарын шеттіктеу кезінде шеттік 
кесіндінің ұштары тігіске бүгіп тігілуі тиіс); жабдықтар (мысалы, 
жеңді қолтық ойындысына жеңді қондырып тігуге арналған арнайы 
машинада және жартылай автоматта қондырып тігуге болады) әсер 
етеді. Сондықтан технологиялық реттілікті құрастырар алдында, 
дайындалатын бұйымды түйіндер бойынша өңдеу реттілігінің 
үлкейтілген схемасын құрастыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет