Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет246/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

388


 
5.20
-сурет. Жұмыс түрі көрсетілген бір модельді ағын операцияларын 
келісу (үйлестіру) диаграммасы
дегі агрегаттық-топтық ағынның (алдыңғы жақты өңдеу тобының) 
монтаждау графигі ұсынылған. Монтаждау графигін құрастыруды 
әдетте бөлшектерді өңдеу тобынан бастайды, оны
5.21
-сурет. Әйелдерге арналған жібек көйлектерді жасау жөніндегі 
агрегаттық-топтық ағынның монтаждау графигі
389


шартты түрде негізгі топ деп қабылдайды (біздің мысалымызда бұл 
әйелдер көйлегінің алдыңғы жақ бөлігі).
Графиктің сол жақ бөлігінде төменнен жоғары қарай секциялардың, 
бөлшектер мен түйіндерді өңдеу тобының атауларын және 
бөлшектердің шартты реттік нөмірлерін жазады. 
Әрбір бөлшектің нөмірін шеңбермен қоршайды да, бұл 
бөлшектің оны өңдеу кезіндегі қозғалу реттілігін нұсқармен 
көрсетеді. 
Әрбір 
ұйымдастыру 
операциясының 
нөмірін 
тікбұрышпен қоршайды және оның ішіне жұмыстардың және 
орындайтын жабдықтың түрін жазады. Еселі операцияларды екі, үш 
немесе одан көп тікбұрыштармен қоршайды [олардың саны 
операцияның еселігіне тең (2 және 4-операциялар)]. 
2
-операция – бедерлер бойынша біріктіру; нұсқарлармен 
алдыңғы жақ бөлшектерінің (ортаңғы және бүйір) осы операцияға 
түсетіні көрсетілген. Одан әрі алдыңғы жақтың ортаңғы бөлігі 
(бүйір бөліктері қосып тігілген) әуелі 
3
-операцияға – тігістерді 
жатқыза үтіктеу, одан кейін 
4
-операцияға түседі, онда алдыңғы жақ 
бедерлері бойынша тігімдер салады. Одан кейін 
5
-операцияда 
иініштерді негізгі бөлшекке қосып тігеді, ал тігістерді 
3
-операцияда 
жатқыза үтіктейді және т.б. Сол сияқты басқа да өңдеу топтары, 
барлық секциялар және жалпы ағын бойынша монтаждау 
графиктерін құрастырады. 
Монтаждау графигі жұмыс орындарын жоспарлау кезінде, 
бөлшектерді конвейер ұяшығына салу тәртібін белгілеу кезінде, 
шеңбер ағындарда қораптарды жіберу кезінде пайдаланылуы 
мүмкін. 
Ағынның 
еңбек 
бөлінісінің 
технологиялық 
схемасын 
құрастырғаннан кейін жалпы бүкіл ағынның әрбір ұйымдастыру 
операциясының 
техникалық-экономикалық 
көрсеткіштерін 
есептейді. Бұл көрсеткіштерге ағынның негізгі жұмысшыларының 
саны, жабдық бірліктері мен ағынның жұмыс орындарының саны, 
бұйым жасауға кететін уақыт шығыны, өңдеу құны, еңбек 
өнімділігі, орташа разряд, орташа тарифтік коэффициент, ағынның 
жабдығын 
пайдалану 
коэффициенті, 
механикаландыру 
коэффициенті жатады. 
Осы 
көрсеткіштерді 
қарастырайық. 
Ағынның 
негізгі 
жұмысшыларының саны – еңбек бөлінісінің әрбір технологиялық 
схемасы үшін разрядтар мен жұмыс түрлері бойынша 
жұмысшылардың саны туралы есептік деректер (5.14-кесте). 
Кестені толтыру тәртібі мынадай: 

1-бағанда разрядтардың нөмірін көрсетеді; 

2...7-бағандарда – әрбір жұмыс түрі үшін барлық технологиялық 
бөлінбейтін операциялардағы жұмысшылар саны; 

8-бағанда – әрбір разряд үшін барлық жұмыс түрлері бойынша 
390


технологиялық бөлінбейтін операциялардағы жұмысшылар 
саны; 

9-бағанда – бір модельді разрядтардың қосындысы, оны разряд 
нөмірін әрбір разряд жұмысшыларының санына көбейту арқылы 
анықтайды (8-баған); 

10-бағанда – әрбір разрядқа арналған тарифтік көрсеткіштер, 
оларды Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай 
тарифтік-біліктілік анықтамалығы бойынша анықтайды (46- 
шығ., «Тігін өндірісі» бөлімі, М., 2000). 

11-бағанда – тарифтік коэффициенттердің қосындысы, оны 
нақты разрядтың тарифтік коэффициентін осы разрядтағы 
жұмысшылардың жалпы санына көбейту арқылы анықтайды. 
Бұл кестеде вертикаль бойынша жұмыс түрлері бойынша 
(барлық разрядтар үшін) жұмысшылар саны және олардың жалпы 
жұмысшылар санындағы меншікті салмағы есептеледі. 
Барлық разрядтардың қосындысы «Разрядтар қосындысы» деген 
9-бағанның мәндерін қосындылау арқылы анықталады. 
Барлық разрядтар үшін барлық тарифтік коэффициенттердің 
қосындысы соңғы бағанның мәндерін қосындылау арқылы 
анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет