Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


  Өңдеу әдістерінің сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет271/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

6.3.2. 
Өңдеу әдістерінің сипаттамасы
 
Өңдеу әдістерін жобалау кезінде қолданыстағы стандарттардың, 
үлгілік тігін әдістерінің және үдемелі технологияның талаптары, сән 
бағыты, кәсіпорын разряды, бригаданың сандық құрамы, қолда бар 
құрал-жабдық, құрал-жабдықтың жекелеген түрлерінің өтелімдігі 
ескеріледі. 
Әртүрлі конструкциядағы және әртүрлі материалдардағы 
бұйымдарды бір уақытта дайындаған жағдайда сәйкестендірілген 
өңдеу әдістеріне артықшылық беріледі. 
Бұйымды өңдеу үшін берілген кәсіпорында қабылданған 
әдістерді және жеке тапсырыспен киім дайындайтын озық тігін 
кәсіпорындары мен фирмаларының технологиясын қолданады. 
Өңдеу реттілігі және киім бөлшектері мен түйіндерін монтаждау 
бұйымның конструкциясымен және шақтап көру санымен 
байланысты болады. 
Пальтоны, пиджактарды, жакеттерді, көйлектерді бір рет, сол 
сияқты екі рет шақтап көру арқылы дайындайды. 
Шақтап көру процесінде бұйымның теңгерімін дәлдейді, 
бұйымның ұзындығы мен енін тексереді, модельдің тапсырыс 
берушінің денебітіміне сәйкестігін анықтайды. 
Жоғары біліктілігі бар пішушілер, ереже бойынша, бұйымды бір 
шақтап көргеннен дайындайды. 
Екінші шақтап көруді денебітімінде үлгілік өлшемдерден айқын 
ауытқулары бар денебітіміне арналған бұйымдарды, аса күрделі 
модель 
бұйымдарын 
және 
қасиеттері 
аса 
белгілі 
емес 
материалдардан бұйымдарды дайындаған кезде жүргізу 
ұсынылады. Технологиялық процестерді жобалау үшін иықты 
пальто-костюм бұйымдарын дайындаудың ірілендірілген реттілігін 
ұсынуға болады, ол өзіне бұйымды шақтап көруге дайындауды; 
шақтап көруді, бұйым бөлшектерінің суретін салуды; бөлшектерді 
өңдеуді; бұйым құрастыруды; соңғы әрлеуді қамтиды. 
Бөлшектер мен түйіндерді өңдеу әдістерін суреттермен 
көрсетеді, ал операцияны орындауға кететін уақыт шығынын 
кестеге түсіреді. Түйінді өңдеу әдісінің экономикалық мақсатқа 
сәйкестігі уақыт үнемдеуді, % және еңбек өнімділігінің өсуін, %, 
мына формула бойынша есептеу арқылы анықталады: 
428


Э
в 
= [(
Т
б.т 

Т
м.н
)/
Т
б.т
] • 100; 
Р 
п.т 

[(
Т
б.т 

Т
м.н
)/
Т
м.н
] • 100, 
мұндағы 
Т
б.т 
– түйінді еңбекті көп қажетсінетін әдіспен өңдеудің 
ұзақтығы; 
Т
м.н 
– түйінді еңбекті аз қажетсінетін әдіспен өңдеудің 
ұзақтығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет