■
бұйым етегі мен жең аузының бүгілу қосымшаларын бүгіп
көктеу;
■
астыңғы жағаны мойын ойындысына қондырып көктеу;
■
жеңді қолтық ойындысына қондырып көктеу (әйелдер
бұйымдарында оң жақ, ерлер бұйымдарындағы сол жақ); иілген,
еңкіш, иықтарының биіктігі әртүрлі денебітімге арналған
бұйымдарда шақтап көруге екі жеңді қондырып көктейді. Тұтас
пішілген жеңді бұйымдарда жеңдердің үстіңгі қиықтарын
бұйымның иық қиықтарымен, астыңғы қиықтарын бүйір
қиықтарымен бір уақытта көктейді; реглан пішімді бұйымдарда
жеңдерді қолтық ойындысына астыңғы жағаны мойын
ойындысына қондырып көктегенге дейін қондырып көктейді.
Шақтап
көруді
және
бұйым
бөлшектерінің
лекало
жайылмасының суретін салуды пішуші орындайды.
Шақтап көргеннен кейін киім бөлшектері мен түйіндерін
мынадай реттілікпен өңдейді:
■
шақтап көру кезінде өзгеріске ұшыраған бүкпелерді, тігістерді,
қатпарларды сырып тігеді;
■
өңірлерді, жағаны өңдейді;
■
жеңді, бұйым астарын сырып тігеді.
Құрастыру (монтаждау) реттілігі көбінесе бұйымдағы жең
пішімімен анықталады.
Қондырма жеңді бұйымдарды құрастыру мынадай реттілікке ие:
■
бүйір қиықтарды біріктіру, бұйым етегін өңдеу;
■
иық қиықтарын біріктіру, жағаны мойын ойындысымен
біріктіру;
■
жеңдерді қолтық ойындысымен біріктіру;
■
астарды бұйыммен біріктіру.
Өңірастылармен тұтас пішілген жағалы бұйымдарда өңір мен
жағаны астыңғы жағаны мойын ойындысымен біріктіргеннен кейін
бір уақытта өңдейді.
Соңғы әрлеуге ілгектерді жиектеп торлау, жіптерді алып тастау,
тазалау және бұйымды соңғы ылғалды жылумен өңдеу, сондай-ақ
түймелерді тағу жатады.
Достарыңызбен бөлісу: