2. Сырт киімге жататын бұйымның минималды күрделілік жағдайында
бұйымның астынан бір қатарлық резеңке қолдануға жол беріледі.
Басқа да бұйымдардың сипаттамасы Б-01 прейскурантында (01-
15) келтірілген.
Ондаған модельдердің суреттемесі негізінде шартты бұйм
дайындаудың конструктивтік және технологиялық ерекшеліктерінің
тізбесі құрастырылады.
Шартты
бұйымда
дайындаудың
конструктивтік
және
технологиялық ерекшеліктерінің қайталануын, %, осы элементтер
модельдерінің саны бойынша анықтайды. Мысалы, қандай да бір
элемент он модельдің барлығында бірдей кездессе, онда қайталану
100% болады, ал бір модельде ғана кездессе, 10% болады.
Шартты бұйымдағы күрделі элементтердің орташа санын
күрделі элементтердің қайталанушылығын (соңғы бағанның
жиынын) 100-ге бөлу арқылы анықтайды. Мысалы, күрделі
элементтерді
қосындысы
225.
Шартты бұйымда күрделі
элементтердің саны 225/100 = 2,25.
Күрделі элементтердің тізбесі (минималды күрделі бұйымнан
есептелген саннан жоғары) Б-01 прейскурантынан (01-15) алынады.
Достарыңызбен бөлісу: