Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет290/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

466


 
 
нан 
тұратын 
жайылмалар 
бар. 
Мұндай 
жайылмаларды 
жартыжинақты жайылмалар деп атайды. Оларды материалды беткі 
жағын өң бетіне қаратып төсеген кезде пайдаланады, сол кезде бір 
бұйымды төсемнің екі жаймасынан қиып алынған бөлшектерден 
жасайды немесе оларды екі бүктелген материалдан дара 
бұйымдарды пішкен кезде пайдаланады. Жаймаларды беткі жағын 
өң бетіне қаратып төсеген кезде, толық бөлшектер жинағымен көп 
жинақты жайылмаларды да пайдалануға болады, бұл ретте пішім 
7.4
-сурет. Ұл балаларға арналған негізгі матадан жасалған костюм 
бөлшектерінің көп жинақты (екі жинақты) лекало жайылмасының мысалы 
467
7.3-сурет. Бір жинақты лекало жайылмасының мысалы 


бір-біріне беткі жақтарымен қарап жатқан екі жаймадан 
жинақталады, бұл бірден екі еселенген бұйымдар санына қажетті 
бөлшектерді алуға мүмкіндік береді. 
Лекало жинақтарының саны жайылмада әртүрлі болуы мүмкін. 
Тәжірибе бір бұйымға қарағанда,бі рнеше бұйым бөлшектерінің 
лекало жайылмасы материал шығысының жақсы көрсеткіштерін 
беретінін көрсетті. 
Өнеркәсіптік өндірісте көптеген бұйымдар үшін материал 
шығысы бойынша екі не одан көп жинақты жайылмалар, ал 
шалбарлар үшін үш және одан көп жинақты жайылмалар анағұрлым 
үнемді болып табылады. 
Көп жинақты жайылмада бұйымдардың лекало жинақтарының 
тиімді саны барынша аз лекалоаралық шығындарды қамтамасыз 
етіп қана қоймай, сонымен қатар сауда ұйымдарының 
тапсырыстарын өлшемдер мен бойлардың шкаласына сәйкес 
дәлірек орындауға мүмкіндік береді. Өлшемдер мен бойлар 
шкалалары тапсырыстың жалпы шамасына пайыздық қатынасы 
бойынша көрсетілген, нақты өлшем мен бойдағы бұйымдардың 
қажетті саны туралы мәліметтер болып есептеледі. 
Жайылмада: 

өлшемдері мен бойлары бірдей немесе шектес; 

аудандарының өсуі бойынша; 

бірнеше эксперименттік жайылмалардың үнемділігін талдау 
негізінде лекало жинақтарын біріктіруге болады. 
Жайылмада өлшемдері мен бойлары шектес немесе бірдей 
лекало жинақтарын біріктіру басқа да тең жағдайларда 
жайылмалардың аз санын пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл бұйым 
саны жағынан шағын тапсырыстарды орындау кезінде анағұрлым 
қолайлы болып табылады. 
7.1-мысал. 
Өлшемдер мен бойлар шкаласы бойынша ерлерге арналған 
спорттық костюмдер топтамасының тапсырысын жалпы бұйым санынан 
44-ші өлшемде – 10% (158 бойында 5 %, 164 бойында 5 %); 46-ші өлшемде 
— 40 % (158 бойында 10 %, 164 бойында 20 %, 170 бойында 10 % ); 48-ші 
өлшемде — 45 % (158 бойда 10 %, 164 бойында 25 %, 170 бойында 10 %) 
және 50-ші өлшемде — 5 % (170 бойында) етіп дайындау қажет. 
Тапсырысты жайылмалардың барынша аз санын пайдалану арқылы 
орындау қажет. 
7.1-кестеде осы міндеттің шешімі көрсетілген. Барлық жайылмалалар 
екі жинақты, олардағы лекало жинақтары шектес не бірдей өлшем мен 
бойда. Бес жайылма шықты, бұл орайда бірінші жайылманы пайдаланған 
кезде тапсырыс бұйымының 40%-ын, екінші және үшінші жайылманы 
пайдаланған кезде 20%-ын, төртінші және бесінші жайылманы 
пайдаланған кезде 10%-ын пішеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет