Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет292/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

469


 
7.2-кесте. Лекало аудандары өсетін екі жинақты жайылмаларда лекалолар 
жинақтарын біріктіру мысалы
Лекало жинақтарының 
жайылмаға кірген 
өлшемдері мен бойлары*
 
Жайылмадағы 
лекалолардың ауданы, см
2
Жайылмадағы пішілетін 
бұйымдардың меншікті 
салмағы, %
88/158 + 88/164
56418
10
92/158 + 92/158
57012
10
96/158 + 96/158
58 504
10
92/164 + 92/164
58 808
20
96/164 + 96/164
60 352
20
92/170 + 92/170
60 596
10
96/164 + 96/170
61 292
10
96/170 + 100/170
63 032
10
Ж и ы н ы

1 0 0 
* Бөлшектің алымында өлшем (кеуде айналымы, см), бөлімінде бой (дене ұзындығы, см) 
көрсетілген.
салы келтірілген, бұл ретте тапсырыстың өлшемдер мен бойлар 
шкаласы 7.1-кестеден алынған. 
Жайылмада лекало жинақтарын эксперименттік жайылмаларды 
талдау негізінде біріктіру барынша үнемді жайылмалар алуға 
мүмкіндік береді, бұл ретте лекало жайылмаларының үлгілік 
схемаларын және эксперименттік цехта орындалған оңтайлы 
жайылмалардың 
кішірейтілген 
көшірмелерінің 
альбомдарын 
пайдалану қажет. Мұндай жайылмаларды көбінесе тұрақты 
сұрыпталым бұйымдарын (мысалы, жұмыс және мекемелік киімді) 
пішу үшін пайдаланады. 
Лекало жайылмасының үлгілік схемалары 
– бұл жайылма 
жиегінің ішінде лекало жинақтарын оңтайлы орналастыру 
схемалары. 
Жайылманың үлгілік схемаларын алудың негізгі екі әдісі бар. 
Олардың біріншісінде жинақ лекалолары шартты түрде екі топқа 
бөлінеді, ол топтың біріншісіне барлық ірі лекалолар (алдыңғы бой, 
артқы бой, шалбардың алдыңғы және артқы бөліктері және т.б.), ал 
екіншісіне барлық ұсақ бөлшектер кіреді. 
Бұл әдістің негізгі принципі лекалолардың бірінші тобынан 
бұйымның бірдей бөлшектерін ауданы үлкен лекалолардан бастап, 
мата ені бойынша кесінділер қатарымен орналастырады. Екінші 
470


топтың бөлшектерін әдетте бірдей бөлшектердің лекалолар 
секциясын жасай отырып, мата ұзындығы бойынша қатарлармен 
орналастырады. Бұл әдіс секциялық-жолақтық әдіс деп аталады. 
7.5-суретте лекалоларды жаюдың секциялық-жолақтық әдісімен 
алынған лекалолар жайылмасының үлгілік схемасының мысалы 
келтірілген. 
Жайылмада лекалоларды орналастырудың екінші әдісінің негізгі 
принципі мынадай қағидалардан тұрады: 

бөлшектердің ірі лекалоларын жайылма жиегінің шетіне түзу 
қиықтармен (немесе соларға жақын), ал жайманың ортаңғы 
бөлігіне қисыз сызықты қиықтармен қояды; 

бөлшектердің аса ірі емес лекалоларын ірі лекалолардың 
арасына қояды; 

бөлшектердің ұсақ бөлшектерін ірі және орташа бөлшектердің 
арасында қалған бөліктерге қояды. 
Оыс әдіспен алынған үлгілік схемалар, әдетте, жайылма 
диагональына қатысты симметриялы болады. 
7.6-суретте 
осы әдіспен алынған жайылманың үлгілік 
схемасының мысалы көрсетілген. 
Кәсіпорынның жинақталған тәжірибесі мен жұмыс практикасы 
оңтайлы 
жайылмалардың 
кішірейтілген 
көшірмелерінің 
альбомдарын құруға мүмкіндік береді. Көшірмелерді, ереже 
бойынша, 1 : 10 масштабы бойынша жасайды. Оларды алу үшін 
ПКУ-3 электрграфикалық қондырғысын пайдалану ұсынылады. 
Кішірейтілген көшірмелер альбомы жаюшылардың практикалық 
жұмысында жайылмалардың барынша үнемді нұсқасын іздеуге 
көмектеседі. 
Лекало жайылмасының үнемділігін лекалоаралық шығындар 
бойынша, оларды салалық нормативтік деректермен және озық 
кәсіпорындардың көрсеткіштерімен салыстыра отырып бағалайды. 
Үнемді жайылмалар материалдарды тиімді жұмсауға мүмкіндік 
береді, сондықтан лекало жинақтарын жайған кезде тігін 
өнеркәсібіндегі шикізат шығыстарының нормаларына бейімделу 
қажет. 
Шығыс нормасы 
деп белгіленген сападағы бұйым бірлігін 
дайындауға кететін барынша жол берілетін материалдар шығысы 
түсініледі. 
Шығыс нормалары барлық бұйым түрлері үшін өндірістегі 
материалдардың минималды шығындарын ескере отырып және 
белгіленген өлшемдер мен бойлардың шкаласын және техникалық 
шарттарды сақтай отырып әзірленген. Өндірісте материалдың 
шығыс нормаларының екі түрі бар: жеке және топтық. Жеке 
нормалар өнім бірлігіне, топтық нормалар бір атаулы өнімнің 
жоспарланатын көлеміне арналып әзірленген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет