Үлдірлі материалдарды пішу кезінде бөлшектерді бойлық
бағытта да, көлденең бағытта да бағдарлауға жол беріледі; пішіні
тұрақты трикотаж жайманы пішу кезінде лекалоларды ілгектердің
тарқау бағытына қарама-қарсы бағытта ғана қояды.
МАТЕРИАЛ ШЫҒЫСТАРЫН НОРМАЛАУ
Материалдар құнының дайын бұйымның өзіндік құнындағы
меншікті салмағы 80...90%-ды құрайды, сондықтан бұйымның
өзіндік құнын төмендету үшін өндірістегі материал шығыстарын
азайтуға ұмтылу қажет.
Тігін бұйымына кететін
материал шығысы
негізгі бөліктен
және технологиялық шығындардан тұрады. Материал шығысының
негізгі бөлігі
– жалғамалар тігісі қосымшаларының ауданынсыз,
бүкпелерді қоса есептегенде, лекало жайылмасындағы пайдалы
аудан.
Достарыңызбен бөлісу: