МАТЕРИАЛДЫ ПІШУГЕ ДАЙЫНДАУ Бұйымдардың жоспарлы сұрыпталымын дайындау үшін қажетті
барлық материал түрлерін жеткізуді жеткізушілермен жасасылған
шарттар бойынша жүргізеді, ол шарттарда материалдың саны,
сапасы және алынған мерзімдері көрсетіледі.
Материалдар түсімі кезінде олардың саны мен сапасының ілеспе
құжаттарға
сәйкестігін
тексереді.
Материалдар
жұмсақ
(конвейерлерде), жартылай қатты (бумаларда), қатты (жәшіктерде)
қаптамада келіп түсуі мүмкін. Әдетте, оларды автомобильдермен
әкеледі.
Материалдарды түсіру таспалы және роликті конвейерлердің,
электрлік қоларбалардың, электртиегіштердің және т.б. көмегімен
жүргізіледі.
Келіп түскен материалдарды бумадан алып, қоймаларға
жөнелтіледі, ол жерде ақауы тексерілгенге дейін сақталады.
Материалдарды сақтау шарттары олардың сақталуын қамтамасыз
етіп, бүлінуіне жол бермеуі тиіс. Материалдарды құрғақ,
желдетілетін орынжайда жылытқыш аспаптардан кем дегенде 1 м
арақашықтықта сақтайды. Қоймадағы температура 15...20°С
аралығында, ауа ылғалдығы 60...65% болуы тиіс, тікелей күн
сәулесінің түсуіне және жәндіктердің болуына жол берілмеуі тиіс.
Сұрыптау, жинақтау және т.б. кезде материалдардың тілімдері
мен орамдарын жылжыту жөніндегі жұмыстар еңбекті өте көп
қажетсінеді,
сондықтан
оларды
механикаландыру
мен
автоматтандыру зор маңызға ие. Көбінесе қол операцияларының
санын азайту үшін материалды тасымалдау кезінде тегендерді
пайдаланады. Материалдар қойылған тегендерді әріптік-цифрлық
белгімен ұяшықтары бар көп қабаты стационарлық стеллаждарға
орналастырады (стеллаж ұяшықтарының қатарларын әріптермен,
ұяшықтарды –цифрламен белгілейді).
Орамдармен келіп түсетін кең жолақты шибарқытты, ұсақ
жолды шибарқытты, мақта-маталы жартылай барқытты ақауын
тексергенге дейін еден үстілік стеллаждарда биіктігі бойынша 5-6