Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет299/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   321
483


7.6.
жағдайларын жақсартады және орынжайды барынша жақсы 
пайдалануға мүмкіндік береді. 
Конфекционер сырт материал төсемі үшін тілімдерді іріктей 
отырып, сонымен бірге алдын ала әзірленген конфекциялық 
карталарды басшылыққа алу арқылы сырт материалға сәйкес 
келетін әрлегіш, астарлық, іштік материалдарды, фурнитураны 
іріктейді. 
Конфекциялық картада модель суреттемесін, ұсынылатын түс 
пен суреттегі барлық материалдардың үлгілерін және фурнитураны 
орналастырады. 
Ірі кәсіпорындарда материалдардың физикалық-механикалық 
қасиеттерін тексеретін зетханалар бар. Бұл ретте өндіріске 
жіберілетін материалдардың жаңа түрлеріне ерекше көңіл бөлінеді. 
Ақау шыққан материал орамдарын сақтау, іздеу және 
тасымалдау процестерін автоматтандыру үшін жылжымалы 
бесікшелері, ұяшықтары бар құрылғылар және соған ұқсас орамдар 
сақталатын құрылғылар жоғары перспективаға ие. Мұндай 
құрылғыларға, мысалы, материалды барынша жақсы сақтау 
жағдайын қамтамасыз ететін элеватор жатады, себебі орамдарды 
бесікшелерде даралап сақтаудың арқасында олар бір-бірімен 
соқтығысып қалмайды. 
Элеваторда материал орамдарын тиеу, түсіру және тасымалдау 
процестері толық автоматтандырылған және оны оператор 
пульттың көмегімен қашықтан жүзеге асырады. 
Материал сақтаудың элеваторлық тәсілін ТӨОҒЗИ әзірлеген 
болатын. 
МАТЕРИАЛДАРДЫ СЕРИЯЛЫҚ ПІШУ
 
 
Тігін 
кәсіпорындары 
өз 
өнімін 
сауда 
ұйымдарының 
тапсырыстарына сәйкес шығарады. Тапсырыстарда сұрыпталым, 
осы сұрыпталымдағы бұйым бірліктерінің саны, материал түрі, 
оның түсі, өлшемдер мен бойлар шкласы көрсетіледі. 
Өлшемдер мен бойлар шкаласы 
– жалпы тапсырыс шамасының 
пайызымен берілген, бір модель үшін қажетті өлшемдер мен 
бойлардағы бұйым саны. Сонымен қатар, дайын өнімді жеткізу 
мерзімдері келісіледі. Бұл тапсырыстардың негізінде кәсіпорын 
белгілі бір кезеңге арналған жиынтық тапсырысты құрастырады, 
онда әрбір модель үшін өлшемдер мен бойлар шкаласына сәйкес 
оның шығарылым көрсетіледі. Шағын тапсырыстарды толығымен 
орындайды, үлкен тапсырыстарды бірнеше топтама – серияға 
бөледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет