Құрама төсеу тәсілінде (параллель-тізбекті)
төсеушілер тобы
(әдетте екі адамнан тұрады) бір есептік карртаға енгізілген бес-алты
төсемді орындау үшін бір уақытта екі-үш үстелді қамтиды. Бұл
тәсілді көбінесе көйлектік және ішінара ішкөйлектік маталар үшін
пайдаланады.
Секциялық төсемдерді қолдану саласын кеңейту пішу өндірісін
жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Секциялық төсем деп ұзындығы бірдец не әртүрлі және бірінен
кейін бірі кезек-кезекпен орналасқан бірнеше жекелеген жайылма
төсемдерінен тұратын жалпы төсемді айтады. Бұл ретте кейбір не
барлық жаймалар көлденең жапсарларсыз төселеді.
Әзірге секциялық төсемдер негізінен қолданбалы материалдар
мен ішкиімдік маталарды пішу үшін қолданылады. Секциялық
төсемді
ұзын
үстелде
орындайды.
Секциялық
төсемнің
қолданыстағы төсемдерден артықшылығы мынадай: бір орамдағы
материалды секциялық төсемнің барлық секцияларына басынан
бастап аяғына дейін төсейді, тілімді жекелеген жайылма
жаймаларына
қиюға
жол
берілмейді,
бұл
ретте
ұш
қосымшаларының болмауына байланысты материал шығындары
азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: