Инешаншымды жасау үшін инені біраз қисайтып ұстап, матаны
теседі де, оған жоғарыдан
төмен қарай кіргізеді, инені алға қарай
жылжытып, матадан тура солай қисайтып төменнен жоғары қарай
шығарады.
Түзу
инешаншымдар көктейтін, бастырып көктейтін, бүгіп
көктейтін, айналдыра көктейтін, көшірме тігімдер мен бүрме
жасауға арналған тігімдер жасауда қатысады.
Түзу инешаншымдармен орындалған
көктейтін тігімдер тез
тарқап кетеді (1.18-сурет). Олар негізінен бұйым бөлшектерін
уақытша біріктіру үшін, оны шақтап көруге,
машина жұмыстарын
орындауға дайындау кезінде қолданылады.
Көктейтін тігімді орындау үшін екі бөлшек беткі жақтары ішке
қаратып қойылады, шеттері немесе
белгіленген сызықтары
бойынша теңестіріледі, белгіленген сызықтар бойынша дәлме-дәл
немесе олардан бірдей арақашықтықта түзу
инешаншымдармен
біріктіріледі.
г
д
1.17
-сурет. Инешаншым түрлері
Достарыңызбен бөлісу: