Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет44/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   321
61


 
 
 
Әртүрлі киім түрлері үшін әртүрлі металл ілмектерді, ілгектерді 
және батырмаларды пайдаланады (1.41-сурет). Оларды машинамен 
не қолмен тігеді. Ілмектер мен ілгектерге біраз беріктік үстеу үшін, 
олардың құлақшаларын тігер алдында біраз ажырату қажет. 
Сымнан жасалған ілмектерді қолмен үш жерде тігеді: әрбір 
құлақшаның артында және бүгілетін жерде, бұл ретте бекітілетін 3- 
4 және бекітетін 3-4 инешаншым жасалады. Металл ілгектерді төрт 
жерде: әрбір құлақшаның артында және олардың алдында тігеді
бұл ретте бекітілетін 3-4 және бекітетін 3-4 инешаншым жасалады. 
1.41
-сурет. Ілгек, ілмек және батырма тігу
62
1.40-сурет. Түймелерді тігу
///////////у


Ілмектер мен ілгектер № 50 және 60 мақта-мата және № 65 және 75 
жібек жіптермен тігеді. Егер оларды белдемшенің белтартпа 
жиектемесінде тігу қажет болса, онда № 20 және 30 мақта-мата 
жіптерді пайдаланады. Ілмектер мен ілгектер тігілетін жерлерді 
көбінесе бетінде ілмектің «тұмсығын» және ілгектің имегін ғана 
қалдырып, матамен жауып қояды. 
Берік болу үшін бұйымның ішкі жағынан ілмек пен ілгек 
орналасқан жерлерде бойлықтар – мақта-матадан жасалған төсеме 
салады. 
Батырмалар екі металл бөліктен: бастиектен және қондырмадан 
(серіппемен) тұрады. Батырмаларды әрбір саңылауда инемен 4-5 
тесіктен жасай отырып, әртүрлі тәсілдермен тігеді. Жұқа матадан 
жасалған бұйымдарда ішкі жағынан батырманың астына мақта- 
матадан жасалған іштік салады. 
Қол жұмыстарын орындауға арналған техникалық
шарттар
 
Тігін өнеркәсібінде әртүрлі операцияларды белгілеуге арналған 
арнайы терминология бар (1.5-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет