1.76
-сурет. Ашық шеттік бастырма тігіс:
а
— беткі жағынан көрінісі;
б
— ішкі жағынан көрінісі
модельге сәйкес арақашықтықта жиі көктейтін тігімнің түзу
инешаншымдарымен көктейді. Одан кейін бөлшектерді әртүрлі
жаққа жайып қояды, ал тігіс қиықтарын олардың біріне қайырады,
ішкі жағынан жатқыза үтіктейді және жиектен модельге сәйкес
арақашықтықта әрлегіш тігіммен беткі жағынан бекітеді: көктеген
жіптерді алып тастайды. Бұл тігісте екі қиық та ішкі жағынан ашық
болады. Тігімнің
мата
қиықтарынан
қашықтығы
палтто,
костюмдерде 0,4...0,7 см және көйлектер мен блузкаларда 0,7...1 см.
Бұл тігіс бүрмеге және жапсырма тігіске ұқсайды, оны артқы бой
бөліктерін, иінішті, көкірекшені белдемшемен біріктірген кезде,
бұйымды жеке тапсырыс бойынша дайындаған кезде қолданады.
Жапсырма тігістер
ашық және жабық қиықты болады. А ш ы қ
қ и ы қ т ы жапсырма тігістерді (1.77-сурет) киімдегі төсем
бөлшектерінің құрамды бөліктерін қайып тігу үшін қолданады.
Мұндай тігісті орындау үшін бір бөлшектің жиегін екінші
бөлшектің жиегіне жапсырады да, оларды қиықтардан бірдей
арақашықтықта машина тігімімен біріктіреді. Бұл ретте бір бөлшек
екінші бөлшектен 0,6...1 см-де болады. Бөлшек қиықтарынан
тігімнің арақашықтығы 0,3...0,5 см.
Жапсырма тігіс
сәндік жиектемені негізгі бөлшекпен біріктіру
үшін де қызмет етеді (1.78-сурет). Жиектемені сырып тігу кезінде
тігімдер жиектеме шетінен 0,1...0,15 см арақашықтықта болуы тиіс.
Ж а б ы қ қ и ы қ т ы бастырма тігістерді (1.79, 1.80-суреттер) түзу
және пішінді иініштерді, жапсырмалы қалталарды және басқа да
бөлшектерді негізгі бөлшектермен біріктіру үшін қолданады.
Мұндай тігістерді орындау үшін бір бөлшектің жиегін көйлектерде
1...1,15 см, пальто мен костюмдерде 0,5...0,7 см қосымша әрлегіш
еніне қайырады, бүгіп көктейді, үтіктейді, одан кейін басқа
бөлшектің
беткі
жағына
жапсырады,
модельге
сәйкес
арақашықтықта бір не екі тігіммен көктеп, сырып тігеді. Көктелген
тігімді алып тастайды. Тігімнің қиықтардан арақашықтығы матаның
қалыңдығы мен сетінегіштік дәрежесіне байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: