Біріктіру тігістері Біріктіру тігістеріне қайым, бастырма, жапсырма, түйіскен,
бүктемелі, қосарлы, бекітпе тігістер жатады (1.63-сурет).
Қайым тігістерді бөлшектердің бүйір, иық және басқа да
қиықтарын біріктіру үшін қолданады. Екі бөлшекті беткі жақтарын
ішке қаратып қояды, қиықтарды теңестіреді және тігістің
қолданылуына тәуелді жиек қашықтығында кертпелерді қиыстыра
отырып, арнайы сызғышы немесе бағыттауыш табаны бар
машинада тігіммен біріктіреді (1.64-сурет). Сырып тігуді бөлшектің
ойыс қиықтары, қима бұрыштары, бүрмелері және т.б. бар жағынан
орындайды.
Әйелдер мен балалар киімдерінің негізгі бөлшектерін қайып тігу
кезінде тігіс ені сетінемейтін матадан жасалған бұйымдар үшін 1
см-ден және тез сетінегіш матадан жасалған бұйымдар үшін 1,5 см-
ден кем болмауы тиіс. Сетінемейтін матадан жасалған бұйым
бөлшектеріне жалғамаларды қосып тіккен кезде тігіс ені 0,7 см, ал
сетінегіш матадан жасалған бұйым бөлшектеріне жалғамаларды
қосып тіккен кезде тігіс ені 1 см болады.
Пішінді тігістерді орындау кезінде бұрыштардағы матаны тігім
кертпелен 0,1 см арақашықтықта өтетіндей етіп кертеді.
Қайып тігу екі параллель тігіммен де орындалуы мүмкін
(мысалы, 1.65-сурет), мысалы жеңді бұйыммен біріктіру,
шалбардың ортаңғы қиықтарын біріктіру кезінде.
Негізгі бөлшектерін бір мезетте тігістерді жиектей отырып,
арнайы машинада қайып тігетін мақта-мата, зығыр және
синтетикалық матадан жасалған бұйымдарда, тігіс ені 0,7...1 см
құрайды.
79