Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


1.87-сурет. Бөлшек бұрыштарын қайым тігіспен өңдеу



Pdf көрінісі
бет59/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

88
1.87-сурет. Бөлшек бұрыштарын қайым
тігіспен өңдеу 


 
 
1.88
-сурет. Түйіскен тігіс
1.89
-сурет. Бір инелі машинада
1.90
-сурет. Қосарлы 1.91-сурет. Түйіскен
орындалатын бүктемелі тігіс
тігіс
тігіс
Қосарлы тігісті 
(1.90-сурет) іш киім, сондай-ақ мақта-матадан 
балалар киімін дайындау кезінде қиықтарды өңдеуге арналған 
арнайы машина болмаған жағдайда пайдаланады. Тігісті орындау 
үшін екі бөлшекті әуелі ішкі жағынан қояды да, қиықтардан 0,3...0,4 
арақашықтықта сырып тігеді, одан кейін сырып тігілген 
бөлшектерді аударып, беткі жақтарын ішке қаратып қояды, тігісті 
түзетіп, бөлшектерді жиектен 0,5...0,7 см арақашықтықта екінші 
тігіммен сырып тігеді.
Тұйық тігіс 
(1.91-сурет) бүктемелі тігіске ұқсайды. Одан 
айырмашылығы – оның екі тігімі бөлшектің екі жағынан да көрініп 
тұрады. Тұйық тігіс екі инелі машинада орындалады. Оны іш киім 
дайындау кезінде қолданады.
Шеттік тігістер
Шеттік тігістерді жағаны, мойын ойындысын, өңірлерді, қолтық 
ойындысын өңдеу кезінде олардың қиықтарының сетінеп кетуіне 
жол бермеу мақсатында және сәндік үшін қолданады. Шеттік
89


Жөрмеу
Бүрмелі
Шеттіктеу
тігістерге жөрмеу, бүрмелі және шеттіктеу тігістері жатады (1.92- 
сурет).
Жөрмеу тігістерін 
бүйір, жаға, қақпақша, қалта, белдікше, 
манжета, жең ұшы жиектерін және т.б. өңдеу кезінде қолданады. 
Бөлшектерді біріктіргеннен кейін, яғни сырып тіккеннен кейін 
өңдеу кезінде айналдыра аудару операциясы жүреді. Бұл жағдайда 
жиек бойымен тігіс орналасқан жерімен екі бөлшекті біріктіру 
операциясын «бөлшек жиектерін жөрмеу» деп атау қабылданған. 
Жөрмеуді орындау үшін екі бөлшекті беткі жақтарын ішке 
қаратып қояды, қиықтарды теңестіреді де, шеттен 0,5...0,7 см 
арақашықтықта машина тігімімен біріктіреді. Одан кейін 
бөлшектерді беткі жағына қаратып айналдырады, тегістейді немесе 
бір бөлшектен ені 0,1...0,3 см жиектеме (1.93-сурет, 
б
, 1.94-сурет) не 
ені 0,4...0,6 см жиек (1.95, 1.96-суреттер) жасай отырып немесе 
тігісті тура бүрмеде орналастыра отырып, айналдыра көктейді 
(1.97-сурет, 
а, б
). 
Көйлек дайындау кезінде жөрмеу тігісін машина тігімімен 
бекітеді. Ол үшін тігісті жөрмегеннен кейін дайын бұйымда ішінде 
орналасатын бөлшек жаққа қарай қайырады. Мысалы, өңірлерді 
жөрмеу кезінде тігісті өңірастына қарай, жағаны жөрмеу кезінде – 
астыңғы жағаға қарай, мойын ойындысы мен жең ұшын жөрмеу 
кезінде әдіпке қарай қайырады. Бүктеулі тігісті жөрмеу тігісінен 
0,1...0,2 см арақашықтықта өңірасты, астыңғы жаға, әдіп және т.б. 
бойымен сырып тігеді (1.97-сурет, 
в
). 
Кей жағдайда тігісті әрлегіш тігіммен бекітеді (1.98-сурет). 
Жөрмеу тігістері күрделі және жай жиектемелі болуы мүмкін. 
Күрделі жиектемелі жөрмеу тігісін (1.95 және 1.96-суреттер) 
қалталарды өңдеу кезінде қолданады. Мұндай тігісті орындау үшін 
1.92
-сурет. Шеттік тігістердің түрлері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет