Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет85/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

141
1.7.


Ені 7...10 мм желімді желімдік жиекті үтіктің көмегімен 
бөлшектің ішкі жағынан қиықтардан 3...5 мм арақашықтықта 
жапсырады, ал желімсіз жиекті сырып тігу машиаларында бекітеді. 
1.7.2. 
Қиықтарды өңдеу
 
Бөлшек қиықтарын сетінеп кетуден, созылудан сақтау үшін 
және конструктивтік сызықтардың берілген контурларын сақтау 
үшін оларды материал түріне қарай әртүрлі тәсілдермен өңдейді. 
Көйлек-блузкалы бұйымдарда тігіс қиықтарын сырып тігуге 
дейін (егер одан әрі тігістерді айыра үтіктеу қажет болса) сырып 
тігу-жиектеу машиналарын қолдана отырып, сырып тігумен бір 
мезетте немесе сырып тігуден кейін жиектейді. 
Етек бойымен ашық астарлы не астарсыз пальтода бүйір 
қиықтарды, бедерлі тігіс пен конструктивтік сызық қиықтарын 
оларды сырып тіккенге дейін (тігістерді айыра үтіктеу арқылы 
өңдеген кезде) не сырып тіккеннен кейін (егер тігістерді айыр 
үтіктеп өңдесе) жиектейді. Бөлшектердің ашық қиықтарын ерлер 
мен әйелдер пальтосында етектен 40...50 см арақашықтықта және 
балалар пальтосында 25...30 см арақашықтықта жиектейді. Кең 
етекті пальтода қиықтарды етектен бел сызығына дейінгі бөлікте 
жиектеп торлайды. 
Ерлер, әйелдер мен балалар шалбарының қиықтарын сырып 
тіккенге дейін жиектеп торлайды. 
Қиықтарды жабық қиықты бүрмелі тігістермен бүгіп тігуді 
ерлер мен балалар ішкөйлектерінің етегін өңдеген кезде қолданады. 
Ашық қиықты бүкпе тігіспен көйлек-блузкалы бұйымдарда 
әдіптің ішкі шеттері мен өңірастыларды өңдейді. 
Бөлшек шеттерін ирек ойықтармен өңдеу өте сирек 
қолданылады – тек арқау мен арқаужіптерінің тығыздығы үлкен 
маталарда (крепдешин сияқты), сондай-ақ шалбардың алдыңғы 
жартысының астыңғы қиықтарын өңдеу кезінде ғана қолданады. 
Әрлеу мақсатында қиықтар шеттіктеу тігісімен өңделуі мүмкін. 
Қиықтарды шеттіктеу көйлек-блузкалы бұйымдарды, сол сияқты 
пальто-костюмді бұйымдарды өңдеу кезінде қолданылады (ерлер 
мен әйелдер пальтосында өңірастының ішкі жиектері және т.б.). 
Қиықтардың созылып кетуіне жол бермеу үшін бұйым 
бөлшектерінің 
ең 
жауапты 
бөліктеріне 
желімдейтін 
не 
желімдемейтін жиекті (көмкермені) немесе біржақты желімді 
жабыны бар жолақтарды салады. Мұндай бөліктерге алдыңғы бой 
мен артқы бойдың қолтық ойындысының, мойын ойындысының 
қиықтары, иық қиықтары жатады. Ені 7...10 мм желімдік жиекті 
142


үтіктің көмегімен қиықтардан 3...5 мм арақашықтықта желімдейді, 
ал желімдік жиек пен ызбаны сырып тігу машинасында бекіту 
арқылы салады. 
Тез созылып кететін маталардан және трикотаж жаймалардан 
жасалған бұйымдарда қиықтар қосымша тігімдермен бекітілуі 
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет