Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Ылғалды жылумен өңдеуді орындауға



Pdf көрінісі
бет83/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

1.6.3.Ылғалды жылумен өңдеуді орындауға 
арналған техникалық шарттар
ЫЖӨ жылыту операцияларының атаулары бұл операциялар 
орындалатын жабдыққа байланысты емес (1.12-кесте).
1.12-кесте. Ылғалды жылумен өңдеу операцияларының негізгі 
түрлері
Операция
Операция сипаттамасы
Қолданылуы
Ылғалды 
жылумен өңдеу
Бөлшектерді не 
бұйымдарды ылғалды, 
жылу мен қысымды 
пайдалана отырып, 
арнайы жабдықпен 
өңдеу
Процесте 
(процесішілік 
өңдеу) және соңғы әрлеу 
(соңғы 
өңдеу) кезінде 
бөлшектерді 
өңдеу 
операцияларын орындау
Үтіктеп өңдеу
Бұйым бөлшектерін 
үтіктегіш жабдық 
арқылы ылғалды 
жылумен өңдеу
Бөлшекке қалаған пішінді 
беру және бөлшек 
тігістері мен жиектерін 
өңдеу операцияларын
Баспақтау
Тігіс, жиек 
қалыңдығын 
кішірейту немесе 
тігістерді қажетті 
қалыпта бекіту 
мақсатында бұйым 
бөлшектерін ылғалды 
жылумен өңдеу
Бұйымның бүйір, етек 
жиектерін, қатпарларды 
және т.б. баспақтау
Баса үтіктеу
Тігісің, қатпар 
бүкпесінің не бөлшек 
жиегінің қалыңдығын 
үтікпен не баспақпен 
кішірейту
Қалтаны, өңірді, жағаны, 
қатпарларды және т.б. 
баса үтіктеу
Айыра үтіктеу
Тігіс әдіптерін не 
қатпарларды жан 
жаққа жаю және 
оларды үтік не баспақ 
арқылы сол қалыпта 
бекіту
Бүйір, иық тігістерін, жең 
тігістерін айыра үтіктеу
137


1.12-кестенің соңы
 
Операция
Операция сипаттамасы
Қолданылуы
Жатқыза үтіктеу
Бөлшек жиектерін, 
тігіс әдіптері мен 
қатпарларды бір жаққа 
жатқызу және оларды 
үтік не баспақ арқылы 
сол қалыпта бекіту
Артқы бойдың ортаңғы 
тігісін, белдемше 
тігістерін, бедерлерді, 
қатпарларды және т.б. 
жатқыза үтіктеу
Жия үтіктеу
Іргелес бөлікте 
шығыңқы пішін алу 
үшін ылғалды 
жылумен өңдеу 
процесінде жіптерді 
тығыздау арқылы 
бөлшектің жекелеген 
бөліктерінің сызықтық 
өлшемдерін кішірейту 
(жүк матадан
жасалған бұйымдарда)
Кеуде тұсында шығыңқы 
жер алу үшін алдыңғы бой 
жиектерін жия үтіктеу; 
қондырманы, мысалы 
жеңдерді жия үтіктеу; 
бүкпе ұштарындағы босаң 
жерлерді жия үтіктеу
және т.б.
Созу
Іргелес бөлікте ойыс 
пішін алу үшін 
ылғалды жылумен 
өңдеу арқылы бөлшек 
жиектерінің сызықтық 
өлшемдерін үлкейту
Жеңнің алдыңғы қиығын, 
астыңғы жаға қиығын, 
тіктемесін, көмкермелерді 
және т.б. созу
Булап жібіту
Жылтырақ іздерді 
жою үшін бұйымды 
бумен өңдеу
Дайын бұйымдарды булап 
жібіту
Бастыра үтіктеу
Ылғады жылумен 
өңдеу арқылы 
бүкпелер мен 
бүкпелерді жою
Матаны пішер алдында, 
бөлшектерді өңдер 
алдында бастыра үтіктеу
Булау
Бұйымды бумен 
қанықтыру
Бұйымды не жекелеген 
бөлшектерді баспақтар 
алдында не сонымен бірге 
булау
Декатирлеу
Материалды бумен 
ылғалды жылумен 
өңдеу және кейін 
отыруына жол бермеу 
үшін кептіру
Материалдарды пішер 
алдында декатирлеу
 
 
138


ЫЖӨ операцияларын орындау кезінде келесідей шарттарды 
сақтау қажет.
1.
Егер бұйым ерекшеліктері белгісіз матадан жасалса, онда 
оның түсі кетіп қалып, беріктігінің жоғалуына жол бермеу үшін 
үтіктің әсерін кішкене бөлігінде тексеріп алу қажет. 
2.
ЫЖӨ орындау кезінде үтік басқыш ретінде өңделмеген зығыр 
арқауды, бөзді, диагональды (пальто-костюм сұрыпталымындағы 
бұйымдар 
үшін) 
және 
аққа 
боялған, 
су-эмульсияық 
кремнийорганикалық препараттар (силикондар) сіңірілген зығыр не 
мақта-мата кездемесін қолданады. Үтік басқыштарға арналған 
маталарды силикондармен өңдеу үтік басқышқа қосымша 
термотөзімділік пен тозуға төзімділік береді. 
Құрамында синтетикалық талшық бар маталардан жасалған 
бұйымдар үшін дәке және жұмсақ мақта-мата кездемелерін (бәйке, 
фланель) қолдануға кеңес беріледі. 
3.
Бөлшектерді не дайын бұйымдарды үтікпен өңдемес бұрын 
бүріккішпен ылғалдайды. Судан дақ қалып қоятын маталардан 
жасалған бөлшектерді ылғалдауға болмайды. 
4.
Ылғалды жылумен өңдеу операцияларын матаға жағылған 
ылғалды толықтай жойғанға дейін жүргізеді. 
5.
Тігіс сызықтарының бұрмаланып кетуіне жол бермеу үшін, 
оны қиықтарын толық тигізгенге дейін айыра үтіктеу қажет. 
6.
Анық әрі дәл сызық алу үшін тігістерді бірінші айыр үтіктеп, 
одан кейін жатқыза үтіктейді. 
7.
Жөрмелген және аударып тігілген жиектерді баса үтіктеуді 
алдын ала ылғалдап, ылғалды толық жойғанға дейін және өңделетін 
бөлшектердің жиектерін бір мезетте тегістеп және кедір- 
бұдырларды жоя отырып, толық баса үтіктегенге дейін жүргізу 
қажет. 
8.
Бөлшектерді бұйымның ішкі жағынан ылғалды жылумен 
өңдеуді үтік басқышсыз орындайды, ал беткі жағынан үтік 
басқышпен орындайды. Бұл ретте жағаны астыңғы жаға жақтан, 
өңірді өңірасты жақтан, қайырма жағаны алдыңғы бой жақтан, 
манжетаны манжета асты жақтан, белбеуді кіші белбеудің асты 
жағынан, бұйым етегін бүкпе жақтан баса үтіктейді. Сырт киімде 
иық тігістері мен жеңтүптерді баса үтіктеп, арнайы баспақтарда 
беткі жағынан булайды. 
Полиэфирлік 
не 
полиакрилонитрильді 
талшықты 
материалдардан жасалған жағаны, өңірді, етекті және басқа да 
бөліктерді баспақтауды жиектерді шалып тіккеннен кейін 
баспақтаудан соң ине тесіктері мен жіптерден іздерін жоюдың 
қиындығына байланысты екі рет орындаған дұрыс. Әуелі 
бөлшектерді үтік басқыш арқылы ылғалдамай 2...3 с баспақтайды, 
139


одан кейін көктелген тігімді алып тастайды да, қайталама 
баспақтауды үтік басқыш арқылы ылғалдай отырып, 10...40 с 
жүргізеді. 
9.
Тігістерді, бөлшек жиектері мен қатпарларды айыра 
үтіктеуді, баса үтіктеуді және бастыра үтіктеуді үстелде немесе 
шұғамен қапталған және үсті ақ мақта-мата кездемемен қапталған 
арнайы қалыптарда орындау қажет. 
10.
ЫЖӨ кезінде теңіз толқыны, көгілдір, ашық сұр және ақ 
түсті маталарға ерекше көңіл бөлу қажет, себебі осы түстерді алуға 
көмектесетін бояғыштар жоғары температуралардың әсеріне тым 
сезімтал. 
Штапельдік, вискозалық маталарды ылғалды жылумен өңдеуді 
матаның бұзылуына әкелуі мүмкін созуға жол бермей, барынша аз 
ылғалмен жүргізеді. Барқыт, жартылай барқыт және мақпалдан 
жасалған бұйымдарды ылғалды жылумен өңдеуді арнайы 
құрылғының көмегімен немесе бұйым бөлшектерін не бөліктеін 
үтік табанының қыздырылған бетінің бойымен жылжыту арқылы 
орындайды. 
11.
Мата мен трикотаж жаймалардан жасалған бұйымдарды 
ЫЖӨ-дің ең үздік нәтижелеріне технологиялық буды пайдаланатын 
және артық ылғалды соратын баспақтар арқылы қол жетеді. Булау 
үстіңгі не астыңғы жастықша арқылы үстіңгі жастықша толық 
түспей бөлшекті ылғалдау үшін жүргізіледі. Егер жастықшалар 
жабық болса, онда булау желімдік материалдарды қолдана отырып, 
түйіндерді қалыптастырған не өңдеген кезде ғана орындалады. 
Булы үтіктермен жұмыс жасаған кезде бумен ылғалдауды үтік 
алға қозғалған кезде ғана жүзеге асыру қажет. Үтік кері қозғалған 
жағдайда бу өшіп қалады да, үтіктегіш үстелдің не бөлшек 
өңделетін қалыптың жұмыс беті арқылы ылғалды сору қосылып 
кетеді. 
12.
Тігін бұйымдарын соңғы ЫЖӨ-ді бу-ауалы манекенде 
орындау қажет, ол болмаған жағдайда матаны алдын ала ылғалдай 
отырып, үтікпен не баспақпен орындау керек. Бұл ретте жиектер 
мен тігістерді түзеледі, бұйымның талап етілген пішіні алынады, 
кедір-бұдырлар, қымталған жерлер, жылтырақ іздер және т.б. 
жойылады. 
13.
Соңғы ЫЖӨ-ден кейін дайын бұйымдар бу-ауалы манекенде 
кептірілуі тиіс немесе бұйымға берілген пішін толық бекігенге 
дейін ілінген күйде салқындатылуы тиіс (жүн маталардан жасалған 
бұйымдарды 20...25 минут, жібек және мақта-матадан жасалған 
бұйымдарды 10...15 минут кептіреді). 
14.
Ылғалды жылумен өңдеу белгіленген режимдерге сәйкес 
жүргізілуі тиіс. Режимдердің сақталмауы бракқа әкеледі: жылтырақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет