2-тарау
2.1.
АСТАРСЫЗ БҰЙЫМ БӨЛШЕКТЕРІ МЕН
ТҮЙІНДЕРІН ӨҢДЕУ
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Матадан, трикотаж жаймалардан және басқа да материалдардан
тігін бұйымдарын дайындау материалдарды пішу, бөлшектер мен
түйіндерді өңдеу, жартылай фабрикат түйіндерін құрастыру, соңғы
ылғалды жылумен өңдеуді қоса, дайын бұйымдарды соңғы әрлеу
жөніндегі
технологиялық
процестердің
жиынтығы
болып
есептеледі.
Бөлшектер мен түйіндерді өңдеу тігін бұйымдарын дайындау
кезінде маңызды процесс болып табылады әртүрлі құралдарды,
құрылғылар мен жабдықтарды пайдалана отырып, тізбекті
орындалатын бірқатар қол, машина, үтіктеу жұмыстарының
(операцияларының) тұрады. Операцияларды орындау ретін өзгерту,
әртүрлі параметрлері бар әртүрлі тігістерді қолдану өңдеу
әдістерінің әртүрлілігін қамтамасыз етеді. Сондықтан бір бөлшекті
не бір түйінді бірнеше әдіспен өңдеуге болады. Бөлшекті не түйінді
өңдеу әдісін бұйымның міндеті мен түріне, оның модельдік
ерекшеліктеріне, негізінен бұйым өндірілетін материал қасиеттеріне
қарай таңдайды. Соңғы жылдары алуан түрлі және әртүрлі
міндеттегі бұйымдарға арналған өңдеу әдістерін сәйкестендіру
жүзеге асырылуда.
Астарсыз бұйымдардың арасында көйлек, сарафан, блузка, ерлер
ішкөйлегі, жаздық пальто, плащ, куртка сияқты және т.б. киім
түрлерін атауға болады. Астардың болмауы бұйымның ішкі жағын
мұқият әрлеу қажет екенін білдіреді. Бұйымның ішкі жағында
орналасқан негізгі емес бөлшектерді (мысалы, тілікті қалта
астарын) негізгі материалдан пішеді. Іштіктер мен қатайтқыштар
бұйымның ішкі жағында сырт материалдың басқа бөлшектерімен
жабылуы тиіс. Барлық бөлшектердің қиықтарын жиектейді не
Достарыңызбен бөлісу: