Желбіршегі, шілтері, көмкермесі бар қақпақшаны не
жапырақшаны келесідей жолмен өңдейді. Әуелі көмкермені, алдын
ала жинақталған желбіршекті не шілтерді астардың беткі жағына
қосып тігеді. Одан кейін қақпақшаны не жапырақшаны бөлшек
қиықтарын теңестіре отырып және жөрмеу тігімін желбіршекті не
шілтерді қосып тігу тігіміне мүмкіндігінше жақын сала отырып,
астармен жөрмейді. Өнеркәсіптік жағдайларда бұл операцияларды
арнайы құрылғысы бар тігін машинасында бір тігім сала отырып бір
рет орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: