2.6
-сурет. Ұсақ бөлшектерді өңдеу
Өнеркәсіптік
өндірісте белбеу, белдікше, аспа бауларды орама
қуаттауы бар екі инелі машинада дайындайды. Бұл ретте бөлшектің
екі жағынан бір мезетте жиектерін қиықтарын ішке бүге отырып,
бүгіп тігеді. Одан кейін бөлшектің
бір не екі ұшын материал
қалыңдығына қарай ені 1,3...5 мм жабық қиықты бүктеме тігіспен
бүгіп тігеді. Бүгіп тігу әдібінің ені 10...20 мм, дайын күйде 5...10 мм
(2.6-сурет,
д
). Бөлшектердің ұштары бұрышпен өңделуі мүмкін (2.6-
сурет,
е
). Ол үшін бойлық қиықтары бойынша бүгіп тігілген
бөлшекті беткі жағын ішіне қаратып қояды да, ұшын ені 7 мм
тігіспен сырып тігеді, тігісті айыра үтіктейді, бұрыштан артық
әдіптерді
қиып кертіп алады, бөлшек бұрыштарын беткі жағына
айналдырады, тегістейді, баса үтіктейді. Жасалған үшбұрыштың
негізін көлденең тігімдермен бүгіп тігеді.
Белбеу, белдікше, аспа бау шетіне айылбас жапсырылуы мүмкін.
Ол үшін бөлшекті айылбас арқылы өткізіп алады, ұзындығы 30...40
мм ұшын бөлшектің ішкі жағына бүгеді және екі не үші тігіммен
жабық не ашық қиықты бүктеме тігісен бүгіп тігеді.
Бастырмаларды, ілгіштерді, бой ұстағыштарды, белдемше
мен
шалбар ұстағыштарды,
аспа баулар сияқты, тігімі бөлшектің
ортасында орналасқан жабық қиықты жапсырма тігіспен сырып
156
тігеді. Олар бір мезетте қиықтарын ішке қарай 5...7 мм бүге отырып,
ені 1...3 мм тігіспен жиекті бойлай бүгіп тігілуі мүмкін. Одан кейін
бүкпе бойынша әрлегіш тігімді салады.
Бастырманы жеке тігу кезінде келесідей жолмен дайындайды.
Бөлшектің бір бойлық шетін жиектейді. Одан кейін оны өңделмеген
қиығы жиектеліп жабылатындай етіп үш қабаттап қояды.
Одан соң
кезекпен екі параллель тігімді бөлшектің беткі жағынан салады (2.6-
сурет,
ж
).
Бастырмалар, ілгіштер мен ұстағыштар дайын арнайы ызбадан
дайындайды, оны қажетті ұзындықта қиып алады.
Кең бастырмаларды, негізгі бөлшек
тігістеріне екі ұшымен
қондыра тігетін ұсақ бөлшектер сияқты, жөрмеу тігісімен өңдейді.
Егер моделі бойынша паталар, погондар,
белдікшелер мен
бастырмалар түймемен түймеленсе, оларда ілгектер шалып тігілуі
тиіс. Одан кейін бөлшектерді соңғы рет ішкі жағынан баса
үтіктейді.
Достарыңызбен бөлісу: