2.7
-сурет. Желбіршекті бұйыммен біріктіру
үтіктейді. Ішкі қиық бүрмеге жиналуы немесе оған қатпарлар
салынуы мүмкін.
Желбіреуіште екі бойлық қиықты және ұштарының бірін
желбіршек, қосетек, кокилье, жабо сияқты өңдейді. Желбіреуіште
бүрмелерді не қатпарларды бекітетін тігімдерді ортасына салады.
Желбіршектерді, қосетектерді, кокилье мен жабоны негізгі
бөлшектермен қайым (2.7-сурет,
а
), бастырма (2.7-сурет,
б
),
жапсырма (2.7-сурет,
в
) және көмкерлемелі (2.7-сурет,
г
) тігістермен
біріктіреді. Желбіршектер мен қосетектерді тігістерге, бүкпелерге
не қатпарларға қайып тігуге болады. Ол үшін желбіршекті,
қосетекті негізгі бөлшектің беткі жағына белгіленген сызық
бойынша салады да, қосып көктейді. Әрлегіш бөлшек негізгі
бөлшектерді сырып тігу, бүкпені не қатпарды қосып тігу кезінде
ақырғы рет бекітіледі (2.7-сурет,
д
).
Өңделген желбіреуішті негізгі бөлшектің беткі жағына
белгіленген сызық бойынша салады да, қосып көктейді және
әрлегіш бөлшектің ортасынан сырып тігеді.
Жабо мен желбіреуіш алынбалы-салынбалы болуы мүмкін.
Алынбалы-салынбалы әрлегіш бөлшектерді материал жолағына
өңделген жиектермен немесе негізгі бөлшектің түймесіне
салынатын жиектелген ілгектермен сырып тігеді.
Достарыңызбен бөлісу: