Біздің орындауға мүмкіндігіміз бар кез-келген алгаритмнің кез-келген
әрекетін бізге табиғаттан берілген әмбебап құрал — қолмен орындаймыз.
Оған қоса, ережеге сай, құр қолмен емес, бұрама, қалам, балға, яғни, біздің
еңбегімізге әсер ететін қандай да бір жұмыс құралының көмегімен
орындаймыз. Біздің қолдарымыздың қозғалысын ми басқарып, қажет
ақпаратты датчиктер – көзден алады. Қолдар мимен берілген бұйрықты
орындап, және де құралдарды қажетті қозғалысқа келтіреді. Біздің
қолдарымыз – еңбек құралдарына тікелей әсер етуші жұмыс органдарын
(құралдарды) қозғалысқа келтіретін атқарушы механизмдер д еп айтуға
болады.
Техникалық
жүйелерді
қарастырайық.
Сонымен,
датчиктер
технологиялық параметрлер туралы ақпаратты беріп, ЭЕМ оны талдап және
басқару сигналдарын шығарды. Бұл сигналдар атқарушы механизмдерге
беріледі. Олар басқару тізбегіндегі соңғы элементтер болып табылады және
жұмыс (реттеуші) органдарын басқару сигналдарына сәйкес қозғалысқа
келтіреді.
ТТ АБЖ-де жетек деген ұғым бар — бұл басқарушы сигналды
қабылдаудан жұмыс органына әсер еткенге дейін басқарудың толық үрдісін
қамтамасыз ететін элементтер кешені (көбінесе құрылымдық жағынан
біріктірілген болып табылады). Жетек өзіне күшейткіш, байланыстырғыш,
түрлендіргіш, қорғаныс, атқарушы және басқа механизмдерді қамтуы
мүмкін. Біз жетектерді толықтай нақты емес, ал олардың құрамдық
элементтері мен жұмыс істеу қағидаттарын зерттегендіктен, осы
құрылғылардың негізгі қызметтерін білдіретін атқарушы механизмдерді
қарастырамыз.