Гидравликалық АМ минералдық майлар, спиртглицирин оспасы
немесе арнайы сұйықтықтар қысымындағы энергияны пайдаланады.
Оған қоса, сұйықтық қысымда болады, себебі ол сығылатын ауа
немесе газға қарағанда қысылмайды. Сұйықтық қысымы біршама
көлемге дейін жетуі мүмкін, сондықтан АМ кіші көлемдері
жағдайында өте жоғары күш түсіріледі. Гидравликалық АМ
сұйықтық энергиясын қысым арқылы жұмысшы органдарды
жылжытуға арналған энергияға түрлендіреді.
Пневматикалық немесе гидравликалық механизмдерде газ немес
сұйықтық ағынын басқару үшін ережеге сай, электр энергиясы
есебінен қозғалысқа келтіретін таратқыш қондырғы қолданылады.
Сондықтан
атқарушы
механизмдер
электромеханикалық,
электропневматикалық және электрогидравликалық болып бөлінеді.
Технологиялық үрдіске әсер ету сипаттамаларына қарай Ам
баламалы (пропорционалды) және дискреттік (жағдайлы) болып
бөлінеді.
Баламалы АМ жұмыс органын басқарушы сигнал көлеміне
пропорционал түрде кез-келген жағдай аралығына орналастыра
алады (мысалы, шұраны 22 % ашып немесе жапқышты 73° бұрау).
Дискреттік аМ жұмыс органын тек белгілі бір тіркелген
жағдайға орната алады. Мысалы, қыздырғышқа берілген дискреттік
сигнал, оны бірініші, екінші немесе үшінші жағдайға ауыстырып
қосуы немесе сөндіруі мүмкін. Дискретті сигналды беру барысында
жабын сұйықтық жолын ашып немесе жаба алады.