құрылғының бөлігі болып табылады, ол шамалардың реттік мəнінің
қатарына сəйкес келетін сандардың кейбірінде қойылған есептеулер
немесе басқа таңбаларды жəне белгілер жиынтығын ұсынады.
Шкаланың сипаты аспаптағы электрлік шама түрленгеннен кейін
алынатын айналдырғыш моменттің байланыс түріне тəуелді
болады. Егер бұл байланыс сызықты болса, аспап шкаласы біркелкі
жəне керісінше, байланыстың сызықтық емес шкаласында шкала
біркелкі емес (деңгейлік, логарифмдік жəне т.с.с) Сонымен қатар,
шкалаларды нөлдік немесе нөлсіз орындайды, нөлдік белгісінің
орналасуына байланысты - симметриялық жəне асимметриялық, бір
жақты жəне екі жақты болады.
Есептегіш құрылғының нұсқауыры оның құрылымының бөлігі
болып табылады, оның шкала белгісіне қатысты күйін аспап
көрсеткіші анықтайды. Көрсеткіштерді нұсқауырлы, жарықтық
жəне сандық индикаторларға бөледі. Нұсқауырлы көрсеткіштерді
найза, пышақ немесе жіп түрінде орындайды. Жарықтық көрсеткіш
ретінде оптикалық құрылғыларды қолданады, ол жарықтық сəулені
аспаптың жылжымайтын шкаласына айна жүйесінің көмегімен
жобалайды. Интегрлеуші ұқсас құрылғыларда рольдік есептеу
механизмін ұсынатын механикалық сандық индикаторлар -
айналымдар есептеуіші қолданылады. Сандық индикаторлардың
ерекшелігі санаудың объективтілігі болып табылады, бірақ сонымен
бірге олардың жұмысы үшін қосымша қуат қажет болады, ол
құрылғының өзіндік қуаттылықты тұтынуын арттырады.
К о р р е к т о р ұқсас аспапта өшірілген аспапта шкаланың нөлдік
белгісіне қарсы көрсеткішті орнату үшін қажет. Температураның
өзгеруі, аспаптың механизміндегі қалдық құбылыстар оның
көрсеткішін шкаланың нөлдік белгісінен ығысуына əкелуі мүмкін.
Бұл факторлар механизмнің жылжымалы бөлігімен байланысты
шылбыр түрінде жасалған корректор арқылы жойылады.
А р р е т и р аспаптың жылжымайтын бөлігін оны тасымалдау
немесе орнату кезінде жылжымайтындай түрде бекітуге (немесе
тұйықтауға) мүмкіндік береді.
Аспаптың жылжымалы бөлігіне əсер ететін моменттер.
Аспаптың қозғалмалы бөлігінде əрекет ететін механикалық күштер
айналдыратын моментті құрады. Оның мəні түрленуден кейін
алынған электрлік шамаға у жəне өлшеу механизмінің жылжымалы
жəне
жылжымайтын
бөліктерінің
өзара
орналасуына
(а
бұрышымен) байланысты болады:
М
вр
=
y
Достарыңызбен бөлісу: