Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "



Pdf көрінісі
бет199/216
Дата06.01.2022
өлшемі4,38 Mb.
#14749
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   216
14.5. 
Сандық жиілік өлшегіштер 
Сандық  жиілік  өлшегіштер  (СЖ)  -  ғылымның,  техниканың, 
өнеркəсіптің  ең  əртүрлі  салаларында  электрлік  дабылдардың 
жиілікті уақыттық параметрлерін бағалау үшін пайдаланылатын ең 
кең  таралған  өлшеу  аспаптары.  Олар  мерзімдік  дабылдардың 
өлшенетін жиіліктерінің ең кең диапазонында жұмыс істейді. 
Заманауи  СЖ  барлық  СӨТ  ішіндегі  ең  жоғары  метрологиялық 
сипатқа ие (дəлдік жəне рұқсат ету қабілеті), олар біршама жоғары 
жылдам  əрекет  етуімен,  кең  функционалдық  мүмкіндіктермен, 
пайдаланудың 
қарапайымдылығымен, 
жоғары 
сенімділікпен 
ерекшеленеді. 
Мерзімдік  дабылдарды  жиілікті  -уақыттық  параметрлерін 
өлшеуден басқа СЖ əртүрлі физикалық шамаларды өлшеу үшін де 
қолданылады.  Ол  үшін  СЖ  қосалқы  біріншілік  өлшеуіш 
түрлендіргіштерін  қосу  қажет,  олар  жиілігі  немесе  мерзімі 
(ұзақтығы)  өлшенетін  шамаға  пропорционалды  шығыс  дабылдарға 
ие.  Мысалы,  СЖ  қозғалтқыш  білігін  айналдыру  жылдамдығын  
немесе  құбырдағы  сұйықтық  шығынын  немесе  ауа  ағыны 
жылдамдығын  өлшеу  үшін  пайдалануға  болады.  Сандық  жиілік 
өлшеуіштерді  сонымен  қатар  тұрақты  жиілік  генераторлары  жəне 
тұрақты  немесе  бағдарламаланатын  уақыт  интервалдарының 
таймерлері  ретінде  қолданысқа  ие.  Оған  қоса,  СЖ  көмегімен 
импульстер санын санауды ұйымдастыруға болады (оқиғалар саны). 
Барлық  дерлік  СЖ  жұмыстың  екі  негізгі  режимін  қамтамасыз 
етеді: жиілік өлшеулер мен мерзім өлшеулері (уақыт интервалының 
ұзақтығы).  Осы  режимдердегі  СЖ  қателіктері  мен  жұмыс  істеу 
принциптерін, құрылымын қарастырайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет