Компараторлар. Бұл құрылғылар логикалық операцияларды
іске асыратын өлшеуіш түрлендіргіштерге жатады жəне салыстыру
құрылғылары болып табылады. Олар өлшенетін шаманың
(бақыланатын) ағымдағы мəнін бұрын берілген осы шаманың
мəнімен салыстыруды орындайды жəне үш оқиғаға сəйкес келетін
дабылдарды береді: берілген мəннен кіші, тең немесе үлкен
ағымдағы мəн. Дискриминаторларды пайдалану өлшенетін
шаманың мəнінің белгілі аймақтарын бақылауға жəне осы
шамалармен сипатталатын процесстерді басқару немесе реттеу үшін
басқарушы дабылдарды беруге мүмкіндік береді.
Өлшенетін (бақыланатын) шаманың ағымдағы жəне берілген
мəнін ұсынатын дабыл түріне қарай дискриминаторларды ұқсас
жəне сандық деп бөлуге болады. Дискриминаторлардағы ұқсас
түрде салыстыру əдетте бірегейлендірілген дабылдар түрлеріне
жүргізіледі, яғни тұрақты токтың кернеуі, айнымалы токтың кернуі,
тұрақты
ток
пен
жиілік
бойынша.
ұқсас-сандық
дискриминаторлардың құрылуы мүмкін, оларда ағымдағы мəн
ұқсас дабыл түріне ие, ал берілген мəн - сандық түрге, яғни СҰТ
пайдалану арқылы түрге ие.