Басқару құрылғыларының бірінші топшасына қызметтік ретінде
пайдаланылатын дабылдарды құрайтын таймер мен сағат, сонымен
қатар ағымдағы уақыт мəнінің кодтық элементтері кіреді.
Басқару құрылғыларындағы екінші топша бағдарламалық
құрылғылар (контроллерлер) болып табылады, олар жүйелердегі
жекелеген агрегаттық құралдардың жұмысын басқарады.
Үшінші топқа басқарудыі біршама күрделі құрылғылары
жатады, олар есептеуіш құрылғылардан тұрады (тек қана
бағдарламалық басқаруды ғана іске асыру ғана емес, сонымен қатар
калибрлеу, температуралық қателікті түзету, линеаризация,
ақаулардың диагностикасы, өлшеуіш ақпаратты біріншілік өңдеуді
жəне т.с.с.іске асыруға мүмкіндік беретін шағын ЭЕМ мен
микропроцессорлар). Басқару құрылғыларының бұл тобын көбінесе
белсенді контроллерлер деп атайды.
Байланыс блоктар қабылданған интерфейстерге сəйкес түйісетін
агрегаттық құралдар арасында ақпараттық жəне қызметтік
дабылдардың ағымын келісу міндетін шешеді. Байланыс
блоктарына топтық пассивтік контроллерлер, кеңейткіштер,
деңгейлер мен қуаттылықтар бойынша кіріс жəне шығыс
дабылдарын келісу құрылғылары кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: