дискреттік дабыл болып табылады жəне жекелеген жағдайларда
ғана оған ұқсастар толықтырылуы мүмкін.
Ақпаратты ұсыну құрылғыларын жіктеу белгілері өлшеу
құрылғыларының жіктелімдік белгілеріне ұқсас болады.
Өлшеу ақпаратын көрсету түрі бойынша олар тіркеуші жəне
көрсеткіш болып бөлінеді, олардың əрқайсысы, өз кезегінде -
ақпаратты ұсыну формасына байланысты қосалқы топтарға
бөлінеді. Осылайша, көрсетуші құрылғылар белгілік ақпаратты
ұсынудың графикалық ұқсас құрылғылары мен белгілік графикалық
болып бөлінеді. Соңғысы үшін кірістегі ұқсас жəне кодтық
дабылдардың үйлесімі тəн.
Ақпаратты ұсынудың графикалық құрылғылары ақпаратты
графикалық түрде көрсетеді жəне екі санатқа бөлінеді: ақпарат
үздіксіз сызықтармен ұсынылатын үздіксіз жəне ақпарат
гистограммалар түріндеұ сынылатын дискреттік болып бөлінеді.
Белгілік ақпараты өлшеу құрылғыларының қосалқы тобын
оқиғалар
индикаторы,
мнемосұлбалар
ұяшықтарының
пиктографикалық индикаторлары, əліпбилік-сандық индикаторлар
жəне мнемосұлбаларды түзеді.
Белгілік-графикалық
ақпаратты
ұсынудың
көрсетуші
құрылғыларын көрсететін қосалқы тобы ұқсас түрде де, белгілік
түрде де көрсетуге мүмкіндік беретін құрылғылар құрайды, яғни
əмбебап индикаторлар (дисплейлер).
Ақпаратты ұсынудың тіркеуші құрылғылары графикалық,
белгілік жəне белгілік графикалық болып бөлінеді. Ақпаратты
ұсынудың графикалық тіркеуші құрылғылары үздіксіз жəне
дискреттік болып бөлінеді. Бұл қосалқы топтар сандық кірісі бар
əртүрлі типтегі график салғышты құрайды.
Ақпаратты ұсынудың белгілік тіркеуші құрылғылары санды
басып шығаратын жəне əліпбилік -сандық басып шығарушы
құрылғыларға бөлінеді. Ақпаратты ұсынудың белгілік графикалық
тіркеуші құрылғылары топшасына графиктің жекелеген нүктелерін
тіркеу мүмкіндігіне ие сандық кірісі бар график салғыштар кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: