Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "


  Электрлік біріншілік түрлендіргіштер



Pdf көрінісі
бет63/216
Дата06.01.2022
өлшемі4,38 Mb.
#14749
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   216
Байланысты:
Шишмарев Өлшеу құралдары. Оқулық

5.2.4. 
Электрлік біріншілік түрлендіргіштер 
Күштің  пьезоэлектрлік  түрлендіргіштері  (ұзындықтың, 
қысымның).  Диольдық  құрылыммен  сипатталатын  қатты 
материалдарда,  мысалы,  кварцта,  турмалинда,  литий  сульфатында 
жəне  керамиканың  арнайы  түрлерінде  пьезоэлектрлік  əсер 
туындайды.  Бұл  əсерді  қарапайым  дипольдар  белгілі  күйде  болған 
жағдайларда  өлшеу  үшін  пайдалану  мақсатты.  Кристаллдың 
механикалық  деформациясы  кезінде  зарядтардың  өзара  өтемі 
тоқтатылады,  сондықтан  да  сыртқы  беттерде  айырымдық  заряд 
туындайды,  ол  өткізетін  үлдірлерді  пайдалану  кезінде  өлшенуі 
мүмкін.  Бұл  ретте  электрлік  өріс  құбылыстың  қайтымдылығынан 
екіншілік деформацияны тудырады, ол елеусіз өте аз. 
87 


Туындайтын  заряд  салынатын  күшке  пропорционалды  болады. 
Оған қоса пьезомодуль 
δ = Q/F, 
мұнда  Q  —  заряд;  F  —  салынатын  күш,  материалдың  қасиеті  мен 
жүктеме  салу  бағытына  байланысты  болады.  Қарапайым 
жағдайларда кварц мен турмалин үшін пьезомодуль  δ = 10
-12
 A · c · 
H
-1
, ал өндірістік керамика үшін — δ = 10
-10
 A · c · H
-1 
құрайды. 
Екі  өткізетін  үлдірлер  арасында  жасалған  түрлендіргіш 
сыйымдылыққа ие болса, онда кернеу туындайды: 
и
а
 = Q/C = (δ/ C )F
e

мұнда Q — заряд; δ — пьезомодуль; С — сыйымдылық; F
e
 — күш. 
Осындай  жүйелерді  тəжірибелік  іске  асыру  кезінде  үлдірлердің 
өлшемдері  шектеулі  болғандықтан,  кристаллды  түрлендіргіштің 
максималды  сезімталдығы    δ/C  10
-2
  B  ·  H
-1
,    ал  керамикалық 
түрлендіргіштікі - 10
-1
 B · H
-1 құрайды.
 
Бұл 
түрлендіргіштерді 
тəжірибелік 
пайдалану 
кезінде 
туындайтын зарядтар уақыт бойынша тұрақты емес екенін ескерген 
жөн  жəне  осыған  байланысты  пьезоэлектрлік  түрлендіргіштер 
статикалық  өлшеулер  үшін  пайдаланылуы  мүмкін  емес.  Оларды 
жеделдетуді түрлендіру үшін  пайдалану біршама мақсатты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет