Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "


  Өлшеуіштік түрлендіргіштердің жалпы



Pdf көрінісі
бет75/216
Дата06.01.2022
өлшемі4,38 Mb.
#14749
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   216
Байланысты:
Шишмарев Өлшеу құралдары. Оқулық

6.2. 
Өлшеуіштік түрлендіргіштердің жалпы 
қасиеттері мен жіктелімі 
Өлшеуіштік  түрлендіргіштің  кірісіне  өлшенетін  шамадан  басқа 
көптеген  бөгде  факторлар  -  механикалық  ауытқулар,  температура, 
ылғалдылық  өзгерістері,  электрлік  жəне  магниттік  өрістер  жəне 
т.с.с.кіреді.  Сондықтан  өлшеуіштік  түрлендіргіштердің  негізгі 
міндетінің  қатарына  түрлену  кезіндегі  ақпаратты  минималдық 
шығындарымен  қатар  бөгде  əсерлерге  минималдық  сезімталдықты 
жатқызады. 
Құрылымы  мен  əрекет  ету  принципі  бойынша  əртүрлі 
өлшеуіштік түрлендіргіштер əртүрлі сипаттар мен параметрлерге ие 
болады.  Олардың  негізгілері  -  сатыланған  сипаттама,  градустаушы 
сипаты, түрлену коэффициенті, қателіктер мен түрлену диапазоны. 
Сатыланған  сипаттама  -  өлшеуіштік  түрлендіргіштің  кіріс 
жəне шығыс шамалары арасындағы тəуелділік 
У = f (x). 
Түрлендіргіштің  үлгілік  сатыланған 
сипаттамасы 6.3-суретте көрсетілген. 
Түрлену  коэффициенті    -  бұл 
өлшенетін 
шаманы 
көрсететін  
өлшеуіштік 
түрлендіргіштің 
шығысындағы  дабылдың  өзгерісінің  Ау 
түрлендіргіштің 
кірісіндегі 
оның  
өзгеруін  тудырған  дабылға    қатынасы 
Ах:А х. 
 
 
 
Ретімен  жалғанған  түрлендіргіштердің 
қатарынан тұратын өлшеуіштік тізбектің 
түрленуі коэффициенті 
 
6.3-сурет  
Өлшеуіштік 
түрлендіргіштің үлгілік 
сатылық сипаттамасы 
101 


барлық түрлендіргіштердің коэффициенттерінің туындысына тең. 
Түрлендіргіштердің 
қателіктерін 
абсолютті 
жəне 
салыстырмалы 
деп 
бөледі. 
Шамалар 
мен 
аспаптардың 
қателіктерінен  ерекшелігі  түрлендіргіштердің  қателіктерін  кірісі 
жəне шығысы бойынша анықтайды. 
Кіріс (шығыс) бойынша өлшеуіштік түрлендіргіштің абсолюттік 
қателігі 

бұл 
түрлендіргішке 
тіркелінді 
сатыланған 
сипаттамасының  көмегімен  оның  кірісінде  (шығысында)  шаманың 
нақты  мəні  мен  түрлендіргіштің  кірісінде  (шығысында)  шаманың 
жарамды  мəні  бойынша  анықталатын  түрлендіргіштің  кірісіндегі 
(шығысындағы) шамалардың мəні арасындағы айырмашылық. 
Кіріс 
(шығыс) 
бойынша 
өлшеуіштік 
түрлендіргіштің 
салыстырмалы  қателігі  -  бұл  кірістегі  шаманың  нақты  мəніне 
кіріс(шығыс)  бойынша  түрлендіргіштің  абсолюттік  қателіктерінің 
қатынасы  (түрлендіргішке  тіркелінді  сатыланған  сипаттамасы 
бойынша  кірістегі  шаманың  шынайы  мəні  бойынша  анықталатын 
шығыстағы шаманың мəніне қатынасы). 
Өлшеуіштік  түрлендіргіштің  қателіктерін  бөгде  факторлардың 
əсер етуі салдарынан туындайтын қосымша жəне негізгі деп бөледі. 
Түрлену диапазоны - түрлендіргіштің рұқсат етілген қателіктері 
нормаланған өлшенетін шама мəнінің облысы. 
Түрлендіргіштердің  аталған  сипатынан  басқа  оларды  бағалау 
кезінде  келесі  қасиеттерді  ескереді:  уақыт  бойынша  сипатының 
тұрақтылығы,  өлшенетені  шамаға  түрлендіргіштің  кері  əсерінің 
деңгейі  (мысалы,  қуаттылықты  жеке  тұтыну  есебінен),  пайдалану 
шарттары,  өзара  алмасушылық,  салмағы,  габариттік  өлшемдері, 
құны жəне т.с.с. 
Электрлік  емес  шамалардың  өлшеуіштік  түрлендіргіштері 
негізінен  тағайындалуы  жəне  əрекет  ету  принципі  бойынша 
жіктеледі. 
Т а ғ а й ы н д а л у ы   бойынша  өлшеуіштік  түрлендіргіштерді 
механикалық,  жылулық,  химиялық,  биологиялық  жəне  басқа  да 
физикалық шамалардың түрлендіргіштеріне бөледі. 
Ә р е к е т  
е т у  
п р и н ц и п і   бойынша  түрлендіргіштер 
генераторлық жəне параметрлік болып бөлінеді (6.4-сурет). 
Генераторлық  түрлендіргіште  өлшенетін  электрлік  емес  шама 
пропорционалдық  ЭҚК  немесе  ток  күшіне  түрленеді.  Мұндай 
түрлендіргіштерге,  мысалы,  Холл  əсеріне  негізделген  электр 
магниттік, пьезоэлектрлік жəне оптикалық болады. 
Параметрлік  түрлендіргіштерде  өлшенетін  шама  электрлік 
тізбектердің 
əртүрлі 
параметрлеріне 
түрленеді: 
кедергі, 
сыйымдылық, 
индуктивтілік, 
жиілік. 
Параметрлік 
түрлендіргіштерге 
резистивті 
(контактілік, 
реостаттық, 
тензорезисторлар), 
102 


 
6.4-сурет 
Әрекет  ету    принципі  бойынша  өлшеуіштік 
түрлендіргіштердің жіктелуі 
электростатикалық,  электромагниттік  (индуктивтік  жəне  магниттік 
серпімді), оптикалық жəне басқа да түрлендіргіштер жатады. 
Бірдей электрлік емес шаманы жағдайға байланысты түрлендіру 
үшін  тəжірибеде  өлшеуіштік  түрлендіргіштердің  əртүрлі  типтерін 
пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет