мұнда х - өлшенетін шаманың мəні немесе шкала
бойынша саналған
бөлу саны; a,
b - х-ке тəуелді емес оңтайлы сандар.
Бірінші формула таза аддитивтік қателікті сипаттайды
4.3, (а-сурет), ал екінші - аддитивтік жəне мультипликативтік
қателіктердің сомасын сипаттайды (4.3, в сурет). Техникалық
құжаттамада абсолюттік қателіктер түрінде орнатылған дəлдік
санаттары мысалы, «дəлдік санатын М, ал аспапта - «М» əрпімен
белгілейді. Белгілеу үшін латын əліпбиінің баспа əріптері немесе
рим сандары пайдаланылады, оған қоса қателіктердің аз шектері
əліпбидің басына немесе кіші сандарға жақын орналастарған
əріптерге сəйкес келуі тиіс.
Рұқсат етілген келтірілген негізгі қателіктің шекері γ = ∆/x
N
= ±р
формуласы бойынша анықталады, мұнда x
N
- А сияқты бірліктерде
өрнектелген нормалаушы мəн; р - мəндердің қатарынан таңдалатын
дерексіз оң сан, ол (1; 1,5; 2; 2,5; 4; 5; 6) · 10n; n = 1; 0; -1; -2...
мəндерінің қатарынан таңдалады.
Нормалаушы мəн
x
N
біркелкі, тəжірибелік біркелкі немесе
деңгейлік шкалалары бар өлшеу құралдары үшін жəне егер нөлдік
мəн өлшеу диапазонының шетінде немесе тыс болса,өлшеуіштік
түрлендіргіштер үшін өлшемдердің шектерінің үлкеніне тең
орнатылады.
Шкаласы шартты нөлге ие өлшеу құралдары үшін
x
N
өлшеу
шектерінің əртүрлілік модуліне тең. Мысалы, 100-ден 600 ° C
дейінгі өлшеу шектері бар термоэлектрлік термометрдің вольтметі
үшін нормалаушы мəн 500 ° C болады. Берілген атаулы мəн бар
шаманы өлшеу құралдары үшін
x
N
өлшеу диапазонына сəйкес
келетін шкаланың немесе оның бөлігінің бүкіл ұзындығына тең деп
қабылдайды. Бұл жағдйда абсолюттік қателіктің шектерін шкала
ұзындығы сияқты ұзындық бірліктерінде
өрнектейді, ал
4.3 сурет. Абсолюттік жəне салыстырмалы түрлерде аддитивтік (а),
мультипликативтік (б) жəне жиынтықты (в)
72
өлшеу құралдарында дəлдік санатын шартты
белгілейді, мысалы \
0,5
/
белгісі түрінде, мұнда 0,5 - р санының мəні. Қалған қарастырылған
жағдайларда дəлдік санатын нақты р санымен белгілейді, мысалы
1,5. Белгілену аспаптың циферблатына енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: