175
жалпы саны, сәйкесінше, ӛткізілген электр қуатының жалпы мӛлшері
реакцияға тҥскен иондардың, яғни реакцияға тҥскен заттың мӛлшеріне
пропорционал болады.
Фарадейдің екінші заңы әртҥрлі электролиттен бірдей мӛлшердегі
электр қуаты ӛткенде электродтарда пайда болған реакция ӛнімдерінің
массасы олардың химиялық эквиваленттеріне тең.
Фарадейдің математикалық заңдарын бір теңдеу тҥрінде былай жазуға
болады:
мҧндағы
m — электролизде пайда болған заттың массасы, г; Э —
заттың эквивалентті массасы, г-экв;
М — заттың молярлы массасы, г/моль;
n— берілетін (немесе қабылданатын) электрондар саны;
I — ток кҥші, A;
t— ҥдерістің ҧзақтығы, с;
F= 96 485 Кл/моль — Фарадей тҧрақтысы — бір
моль затты бӛліп шығару ҥшін қажетті электр қуаты.
Егер Фарадей тҧрақтысын Кл/моль (т.е. в (A• с)/моль) мен емес, (A•
ч)/мольмен берсе, онда ол 26,8 (A• ч)/мольды қҧрайды. Демек, бір моль
затты бӛліп шығару ҥшін кҥші 1 Aв токты 26, 8 сағат бойы, ал кҥші 4 Aв
токты 6,7 сағат бойы ӛткізу қажет.
Егер электролит иондары электролиттен ӛткен электр қуатының
барлық мӛлшерін тасымалдайтын болса Фарадейдің екі заңы да абсолютті
дәл.
Кейде бҧл заңдардан ауытқу жағдайлары ескерілмеген жанама
электрохимиялық реакцияларға (мысалы, металдардың электрошӛгуі
кезіндегі газтектес сутегінің бӛлінуі) байланысты болуы мҥмкін.
Тәжірибеде электролиздегі жанама реакциялардың әсерінен ток
шығыны, әдетте, Фарадей заңдары бойынша есептелген мӛлшерден асып
кетуі мҥмкін.
Нақты алынған зат мӛлшерінің, ток шығыны бойынша есептегенде
алынуға тиіс мӛлшерін ток бойынша шығым деп атайды және оны
пайызбен (%) кӛрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: