БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.
Электрлі өлшеулер деген не?
2.
Өлшеу құралдарының жүйелері мен дəлділік кластарын атаңыз.
3.
Электр тізбегіне амперметр жəне вольтметр қалай қосылады?
4.
Шунттардың жəне қосымша резисторлардың міндеті қандай?
5.
Электрлі өлшеулердің негізгі əдістерін атаңыз.
6.
Өлшеу аспаптарының негізгі дəлсіздіктерін атаңыз.
75
7.
Ваттметрдің жылжымалы жəне жылжымайтын орамдары қалай
қосылады?
8.
Электродинамикалық ваттметрмен қандай қуатты өлшейді?
9.
Электромагниттік жүйенің логометрі арқылы қандай шаманы
өлшеуге болады?
10.
Өлшеу аспаптары қайда қолданылады?
11.
Өлшеу дəлділігі немен сипатталады?
76
5
тарау
ТРАНСФОРМАТОРЛАР
5.1.
ТРАНСФОРМАТОРЛАРДЫҢ МІНДЕТІ
Электрлі
машиналар
электр
энергиясын
түрлендіру
(трансформатор) үшін қызмет ететін, сондай-ақ, əр түрлі
өнеркəсіптік жəне тұрмыстық механизмдерді əрекетке келтіру үшін
қызмет ететін электротехникалық құрылғыларға жатады.
Негізгі түрлендіру құрылғысы трансформатор болып
табылады.
Трансформатор деп екі немесе одан көп индукциялы
байланысты орамы бар жəне электромагниттік индукция арқылы бір
немесе бірнеше ауыспалы тоқ жүйелерін бір немесе бірнеше басқа
ауыспалы тоқ жүйесіне түрлендіруге арналған статистикалық
құрылғы аталады.
Трансформатор – қарапайым, сенімді жəне үнемді электрлі
аппарат. Оның қозғалмалы бөліктері мен сырғымалы түйіспелік
жалғаулары жоқ, оның ПӘК 99% жетеді.
Алғаш рет техникалық мақсаттар үшін трансформаторды орыс
электротехнигі жəне өнертапқышы П. Н.Н.Яблочков 1876 жылы
электр шамдарына қуат беру үшін қолданған.
П. Н.Н.Яблочков ұсынған трансформатор құрылымын дамыту
мен жетілдіруге орыс инженері И. Усагин (1882 г.), ағылшындықтар
Л. Голар мен Д. Гиббс (1885 г.), венгр инженерлері К.
Циперновский, М. Дери жəне О. Блати (1885 г.) үлестерін қосты.
Әсіресе кеңінен трансформаторлар М.О.Доливо-Добровольский
электр энергиясын берудің үш фазалы жүйесін ұсынғаннан жəне
бірінші үш фазалы трансформатор конструкциясы əзірленгеннен
(1891 ж.) кейін қолданыла бастады. Трансформатор жасау үдерісі
келесі бағыттармен сипатталады:
Энергия жүйелері мен энергия блоктарының өсуіне байланысты
трансформаторлардың
шекті
параметрлерін
жоғарылатуды
қамтамасыз ету;
77
Белгілі қуаттылық жəне кернеу класындағы əрбір трансформаторда
энергия жоғалту көлемін, салмағын төмендету.
Міндетіне сəйкес келесідей трансформаторлар бөлінеді:
Күштік – электр қозғалтқыштары мен жарықтандыру желілеріне
қуат беруге арналған;
Арнайы – дəнекерлеу аппараттарын, электрлі пештер мен басқа
ерекше мақсаттағы тұтынушыларға қуат беруге арналған;
Өлшеуіш – өлшеу құралдарын қосуға арналған;
Радиотехникалық – қуаты аз трансформаторлар жəне жоғары
жиілікте жұмыс істейтін трансформаторлар.
Одан басқа, трансформаторлар орамдар санына байланысты
(орындалуы бойынша) бір, екі жəне көп орамды болып бөлінеді:
Бір орамдыларға бастапқы жəне қосымша орамдар арасында
магниттік емес, электрлі де байланыс бар автотрансформаторлар
жатады;
Екі орамдылардың бір бірінен электрлі оқшауланған бір бастапқы
жəне бір қосымша орамдары бар;
Көп орамдылардың бір бастапқы жəне бірнеше қосымша электрлі
байланыспаған орамдары бар.
Фазалар санына қарай трансформаторлар бір фазалы жəне көп
фазалы (көбінесе, үш фазалы) болады, бұл ретте, бастапқы орам
фазаларының саны энергия көзінің фазалар санымен, ал қосымша
аумақ фазаларының саны – трансформатордың міндетімен
анықталады.
Күштік
трансформаторлар
электр
станцияларынан
тұтынушыларға ауыспалы үш фазалы тоқта электр энергиясының
берілуі мен бөлінуін қамтамасыз ететін, электроэнергетикалық
жүйелердің
негізгі
электрлі
жабдығы
болып
табылады.
Трансформаторлардың көмегімен кернеу генераторлықтан жүйенің
электр берілісі үшін қажетті мəндерге дейін жоғарылайды, сонымен
қатар, кернеудің тікелей электр энергиясының қабылдағыштарында
қолданылатын мəндерге дейін дүркінді сатылы төмендеуі іске
асырылады.
Жоғарылату жəне төмендету аралық станцияларында екі
немесе үш жеке ораммен үш фазалы немесе бір фазалы
трансформаторлар тобы қолданылады.
|