12
Үйлесімді
режим деп қайнар көздің шығаратын немесе
қабылдағышпен тұтынатын қуаты максималды мəнге
тең болатын
режимді айтады. Бұл мəн тізбек параметрлерінің белгілі бір
қатынасында (үйлесімінде) алынады.
Бос жүріс режимі
деп қайнар көз немесе қабылдағыш арқылы
электр тоғы өтпейтін режимді айтады.
Бұл жағдайда қайна көз
тізбектің сыртқы бөлігіне энергияны шығармайды, ал қабылдағыш
оны тұтынбайды. Қозғалтқыш үшін
бұл біліктегі механикалық
жүктемесі жоқ режим болады.
Қысқа тұйықталу режимі
деп түрлі қайнар көздің немесе
пассивті элементтің (белсенді
кедергі R, индуктивтілік
L,
сыйымдылық C), сондай-ақ кернеу астындағы электр тізбегінің
бөлігінің əртарапты қысқыштарын
өзара жалғаған кезде пайда
болатын режимді айтады.
1.7.
ЭНЕРГИЯ ҚАБЫЛДАҒЫШТАРДЫҢ ТІЗБЕКТЕЙ
ҚОСЫЛЫСЫ.
ТІЗБЕКТІҢ ЖЕКЕ АУМАҚТАРДАҒЫ ТОҚ ЖӘНЕ
КЕРНЕУ
Энергия қабылдағыштарды тізбектей, параллель жəне
аралас
жалғауға болады. Энергия қабылдағыштардың
тізбекей жалғануы
кезінде
бірінші
қабылдағыштың
шартты
ұшы
екінші
қабылдағыштың шартты ұшымен жалғанады, ал екіншісінің ұшы —
үшіншісінің ұшымен жəне т.с.с. 1.3-суретте
Rl, R2, R3
резисторлары
бар энергия қабылдағыштар тізбектей жалғанған жəне
U кернеуі
бар энергия көзіне қосылған.
Тізбектелген электр тізбегінің барлық бөліктері арқылы бірдей
тоқ
I
өтеді. Ом заңы бойынша жеке кедергілердегі кернеулер тең:
U
1
= IR
1
; U
2
= IR
2
; U
3
= IR
3
.
(1.4)
Осылайша, тізбектей жалғанған кедергілердегі кернеулердің
түсуі кедергілердің мəндеріне пропорционал. R
1
> R
2
> R
3
кезіндегі
кернеу U
1
> U
2
> U
3
. U
1
,
U
2
жəне
U
3
кернеулері
R
1
,
R
2
жəне
R
3
кедергілері бірдей болғанда ғана тең болады.
Қабылдағыштар
тізбектей жалғанғанда жеке қабылдағыштардағы кернеулер сомасы
тізбек қысқыштарындағы кернеуге тең болады:
U
1
+ U
2
+ U
3
= U.
(1.5)