Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет82/179
Дата22.12.2023
өлшемі5,26 Mb.
#142802
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   179
Байланысты:
Каз.Морозова Электротехника и электроника

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
1.
Тұрақты тоқ машинасының ЭҚК неге тəуелді? 
2.
Қосымша полюстер не үшін орнатылады? 
3.
Генератордың өздігінен қозу процесі қалай өтеді? 
4.
Тұрақты тоқ машинасының негізгі конструкциялық бөлшектерін атаңыз. 
5.
Тұрақты тоқ генераторының зəкір орамдарының тармақтарында қандай 
ЭҚК индукцияланады? 
6.
Коллектордың негізгі міндеті қандай? 
7.
Тұрақты тоқ машинасының зəкірі дегеніміз не? 
8.
Қандай құбылыс зəкір реакциясы деп аталады? 


138 

ТАРАУ 
СИНХРОНДЫ МАШИНАЛАР 
 
 
 
 
 
9.1.
СИНХРОНДЫ МАШИНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ 
ПРИНЦИПІ 
 
 
Синхронды машиналар əрі генератормен, əрі қозғалтқыш режимінде 
қолданылады. Синхронды электр машиналар көп жағдайда генераторлар 
ретінде қолданылады. Синхронды генераторлар электроэнергетиканың 
негізін құрайды, себебі бүкіл əлемдегі электр энергиясы синхронды 
генераторлардың - турбо- немесе гдрогенераторлар көмегімен өндіріледі. 
Бұл ретте осындай генераторлардың бірлік қуаты мыңдаған жəне тіпті 
миллиондаған киловатт құрайды. 
Синхронды электр қозғалтқыштар синхронды қозғалтқыштарға 
қарағанда едəуір аз, жəне де осы қуаттарда жəне жұмыс режимінде олар 
үнемдірек болған кезде ғана қолданылады. 
Синхронды электр қозғалтқыштар 
— бұл əдетте қуаты үлкен 
қозғалтқыштар, себебі дəл солар өздерінің техникалық-экономикалық 
көрсеткіштері бойынша басқа типті қозғалтқыштардан асып түседі. Бұл 
олардың бірге жақын қуат коэффициентімен жұмыс істей алуымен 
түсіндіріледі. Қуаты аз синхронды қозғалтқыштар ескерілмейді, (əдетте 1 
кВт дейін), бұл қозғалтқыштарда өзгермейтін синхронды айналу жиілікпен 
жұмыс істеу қабілеттері қолданылады. 
Снхронды машиналар сонымен қатар синхронды компенсаторлар - 
электр энергиясының ірі тұтынушыларының қуат коэффициентін өте 
жоғары мəндерге дейін арттыруға жəне осы арқылы энергияның 
үнемделуіне əкелетін реактивті қуат генераторлары ретінде қолданыс 
тапты. 
Құрылыс жағдайында іштен жану қозғалтқыштарынан жетегі бар 
синхронды генераторлар жылжымалы электр станциялары үшін 
қолданылды. 
Синхронды қозғалтқыштардың абсолютті қатты механикалық 
сипаттамасы бар, яғн олардың айналу жиілігі тұрақты. Өнеркəсіпте жəне 
құрылыста 


139 
Cl 
С2
сз 
бұл қозғалтқыштар компрессорлық жəне 
сорғы қондырғылары үшін, сондай-ақ тас 
ұнтақтағыштар мен экскаваторлар үшін 
де қолданылады. 
9.1
-суретте синхронды генератордың 
функционалды схемасы келтірілген. 
Статорда 

асинхронды машинаның 
орамына 
ұқсас 
үш 
фазалы 
орам 
орналасқан. Роторда қосу орамасы бар 
электромагнит

орналасқан, 
ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет