Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


•  Кесте атрибуты үшін шартты атты таңдауға (Alias);  •



Pdf көрінісі
бет34/96
Дата02.11.2022
өлшемі4,05 Mb.
#46918
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   96
• 
Кесте атрибуты үшін шартты атты таңдауға (Alias); 
• 
Атрибуттың мағынасы шығарылатынын не шығарылмайтынын 
анықтауға (Output); 
• 
Деректерді сұрыптау түрін жəне деректерді сұрыптау тəртібін 
көрсету (SortType, SortOrder); 
• 
Деректерді ұсынлымға іріктеп алу үшін шарттарды жазып алу 
(Criteria). 
Сұрау салу жəне атрибуттерді таңдау үдерісінде SQL-сұрау салу 
тақтасында сұрау салу мəтіні автоматты түрде құрылады. Деректер қорын 
əзірлеуші сұрау салу мəтінін тікелей редакциялай алады, енгізілген 
өзгерістер өлшемдерді баптау тақтасында көрсетіледі. 
Run ( ! ) құралы құрылған ұсынылым арқылы алынатын нəтижелерді 
қарап шығуға арналған. Нəтижелер тиісті тақтаға кесте түрінде 
шығарылады. Кесте интерактивтік режимде деректерге өзгерістерді 
енгізуге мүмкіндік береді. 
Деректерді алу үдерісін автоматтандыру жəне оалрды редакциялау үшін 
MS 
SQL 
Sеrvеr 
сақталатын рәсімдер пайдаланылады. Оларды 
пайдаланушы оларды шақыртып өзіне қажетті нəтижені алатын деректер 
қорының əдістері ретінде қарастыруға болады. Сақталатын рəсімдерді құру 
үшін Stored Procedures деректер қорының объектісін таңдау жəне 
мəнмəтіндік мəзірдің New Stored Procedure пəрменін орындау қажет. 
Сақталатын рəсімнің мəтінін жазу үшін Trаnsасt-SQL тіл операторлары 
немесе SQL операторлары пайдаланылады. 


71 
Ары қарай қызметкерді іздестіру жəне оның тегін ауыстыруға арналған 
сақталатын рəсімнің үлгісі келтірілген: 
Сақталатын рəсім екі формалды өлшемді қамтиды: 
1) 
@newNAME
— 
жаңа текті береді; 
2) 
@pattern
— 
қызметкердің бұрынғы тегі. 
Trаnsасt-SQL операторы рəсімді шақырту үшін мынайдай түрді 
қабылдайды: 
EXECUTE changeName «Хабарова О . С .», «КимО. С.» 
SQL-сұрау салуларды орындаған кезде деректердің бүтіндігін бақылау 
«диаграмма» объектісі көмегімен құрылған модель негізінде орындалады. 
Кестелерден, диаграммалардан жəне сақталатын рəсімдерден басқа 
деректер қорын əзірлеуші мынандай қосымша объектілерді құра алады: 
қағидалар жəне тексеру шектеулері, пайдаланушылардың түрлері, 
пайдаланушылардың функциялары, триггерлер. 
Қағидалар мен тексеру шектеулері кестеге енгізілетін деректерді 
бақылау үшін қолданылады. Қағидалар кестенің бағанасына енгізілетін 
деректерді бақылауға мүмкіндік береді, осындай қағида əрқашан біреу. 
Бағанаға қосымша бірнеше тексеру шектеулері қолданылуы мүмкін. 
Пайдаланушының түрлері ішіне салынған MS SQL Sеrvеr типтер 
көмегімен құрылады. Пайдаланушы түрінің деректері көмегімен құрылған 
кестенің бағанасы осы деректер түрі үшін көрсетілген қасиеттерді иеленеді. 
Пайдаланушының түрлері қағидалармен жəне тексеру шектеулерімен қатар 
енгізілетін деректердің сенімділігін бақылауға арналған қосымша механизм 
болып табылады. 
Пайдаланушының функциялары сақталатын рəсімдердің механизмін 
пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтеді. Оларға жүгіну SQL-сұрау салулар 
ішінде орындалуы мүмкін. 
Триггерлер — кестеге жаңа жазбаларды қосқаннан, жазбалардың 
атрибуттерін өзгерткеннен жазбаларды жойғаннан кейін орындалатын 


72 
сақталатын рəсімнің арнайы түрі 
Деректер 
қорының 
əкімшісі 
«Рөлдер» 
механизмі 
арқылы 
пайдаланушыларды құрып, оларға белгілі бір қолжетімдік құқықтарын 
тағайындай алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет