37
•
жүйенің
экономикалық
тиімділігін
есептеу,
жүйені
пайдаланумен байланысты шығындардың жиынтық сметасы;
•
жүйені енгізу үшін объектіні дайындау жөніндегі іс-шаралар.
Автоматтандырылған басқару жүйелерінің бір түрі болып
табылатын ақпараттық жүйелер үшін мынандай негізгі сынақ түрлері
белгіленеді: алдын ала, тəжірибелі пайдалану, қабылдау. Қажет болған
жағдайда жүйені жəне оның бөліктерін сынаудың өзге түрлерін
қосымша өткізуге жол беріледі.
Ақпараттық жүйені үлгілі жобалау. Ақпараттық жүйені жобалауға
үлгілік тəсілдеме оны дайын элементтерден құруды көздейді. Үлгілі
жобалау əдістерін пайдалану үшін басты талап жобаланатын жүйені
көптеген қосалқы жүйелерге бөлу мүмкіндігі болып табылады.
Бөліп шығарылған қосалқы жүйелерді іске асыру үшін түптұлғалар
жəне үлгілі жобалық шешімдер пайдаланылады, олар нақты ұйымның
ерекшеліктерін ескере отырып, өзгертіледі.
Үлгілік жобалық шешімдер белгілі бір кластарға бөлінеді (2.1-кесте).
Үлгілік жобалау параметрлік жəне модельді-бағдарланған жобалау
түрінде орындалуы мүмкін.
Параметрлік–бағдарланған жобалау жағдайында жобалау үдерісі
мыналарды қамтиды: бағдарламалық құралдардың қойылған міндеттерді
шешу үшін жарамдылығын бағалау өлшемдерін айқындау; таңдалған
өлшемдер бойынша қолжетімді бағдарламалық құралдарды талдау жəне
бағалау.
Модельді-бағдарланған жобалау үлгілі жүйенің тапсырыс берушінің
қажеттіліктеріне ұйымның ақпараттық моделіне сəйкес бейімделуде
тұрады.
Ұйымның ақпараттық моделі екі жолмен құрылуы мүмкін:
1) ұйымның маңызды ерекшеліктерін ескере отырып, негізгі немесе
үлгілі модельдегі қосалқы жүйені таңдау;
2.1
-кесте
Достарыңызбен бөлісу: