4
тұрады жəне үлкен жүйенің бөлігі болып табылады. Осындай жүйе
сол үшін құрылған немесе сатып алынған ұйым болып табылады.
Жүйелік тəсілдеме автоматтандырылған жүйелердің бірнеше
ерекшеліктерін белгілеуді көздейді.
Ақпараттық жүйе — бұл оның құрамына адам қатысатын
жүйе. Адам ақпараттық жүйе құрамында жекелеген қосалқы жүйені
құрады. Жалпы екі осындай қосалқы жүйені
бөліп шығаруға
болады:
1)
пайданалушылар —ақпараттық жүйелерді тұтынушылар;
2)
операторлар — осы жүйеге қызмет көрсететін жеке тұлғалар.
Ақпараттық жүйе жүйені белгілі бір функцияларын іске асыратын
жекелеген
элементтерден тұрады. Элементтердің
жиынтығы
осы жүйенің құрылымын түзеді. Жекелеген элементтер
жүйенің құрылымынан тыс жұмыс істей алмайды.
Дербес ЭЕМ саласындағы техникалық ілгерілеу ақпараттық
жүйелерді жобалаудың автоматтандырылған
технологияларын
кеңінен енгізуге мүмкіндік берді. Осындай технологиялар
жобалаудың CASE-жүйелері түрінде іске асырылады. CASE-
жобалау технологиялары:
•
жаңа ақпараттық жүйлерді əзірлеуге;
•
бұрын құрылған немесе сатып алынған жүйелерді зерттеуге;
•
жүйені тапсырыс берушіге бергеннен кейін оған техникалық
қолдау көрсету үдерісін автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Ақпараттық жүйе құрамында оның негізгі элементі жүйенің пəн
саласын ЭЕМ көмегімен өңдеуге
жарайтын модель ретіндегі
бейнесін білдіретін
деректер ауқымы болып табылады. Ақпараттық
жүйенің мақсатына байланысты осындай модель белгілі бір
деректерді, құжаттарды, фактілерді жəне оларды өңдеу қағидаларын
электрондық түрде ұсына алады.
Қазіргі уақытта пəн саласының модельдерін құрудың түрлі
технологиялары əзірленген. Модельді құру Деректерді ЭЕМ
көмегімен белгілі бір əдіснама бойынша өндеу технологиясымен
тығыз байланысты.
Жүйенің функцияларын бағдарламалаудың жəне пəн
саласын
модельдеудің
заманауи
тəсілдемелерінің
бірі
объектілік
технологияны пайдалану болып табылады. Осы технологияны іске
асыру үшін С++, Jаvа, Objесt Pаsсаl сияқты жоғары деңгейдегі
тілдер
ұсынатын
объектілік
бағдарламалау
құралдары
қолданылады. Объектілік технология негізіндегі ақпараттық
жүйелердің анализі мен синтезінің үдерісі UML əмбебап модельдеу
тілі арқылы орындалады. Объектілік
технология постреляциялық
типті деректер қорларын
5
басқару жүйелерін (ДҚБЖ) құрған кезде кеңінен таралды.
Объекттілік парадигма ақпараттық жүйенің пəн саласында
объектілерді белгілеу жəне олар арасында байланыстар орнату үшін
пайдаланылатын IDEFX1 əдіснамасында да өз көрінісін тапты.
Объектілік əдіснамалармен бірге құрылымдық-функционалдық
əдіснамалар кеңінен таралған. Осы əдіснамалар
ұйымның бизнес-
үдерістерінің анализі мен синтезін орындауға мүмкіндік береді.
Құрылымдық-функционалдық əдіснама IDEF0 əдіснамасы түрінде
пайдаланылады.
Ақпараттық жүйелерде өтетін үдерістер құрылымының анализі
мен синтезі деректердің ағымдарын бағалау əдіснамасы жəне
жұмыстар ағымының əдіснамасы сияқты түрлерінің көмегімен
жүргізіледі. Жұмыстар ағымының анализі IDEF3 əдіснамасы
шеңберінде жүзеге асырылады. Деректер ағымының анализі
əдіснамасы не
дербес, не жүйелік əдіснамалар құрамында
пайдаланылады.
Жүйелік тəсілдеме ұйымдарға арналған ақпараттық жүйелерді
əзірлеген кезде түрлі факторларды есепке алуды талап етеді.
Ұйымның
пəн
саласын
модельдеу
жəне
құрылымдық
байланыстарын талдау үшін BAAN, Oracle сияқты фирмалармен
əзірлеушілерге
ұсынылатын
түрлі
жүйелік
əдіснамалар
пайдаланылады. Жүйелік əдіснамаларға ұйымды модельдеуге жəне
əзірленетін ақпараттық жүйенің функционалдық жəне құрылымдық
ерекшеліктерін белгілеуге мүмкіндік беретін ARIS əдіснамасы
жатады.
Жүйелік
тəсілдеме,
сондай-ақ
ақпараттық
жүйелерді
пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтаған кезде жəне
жүйе
жұмысының
сапасын
бағалауға
мүмкіндік
беретін
көрсеткіштерді есептеген кезде қолданылады.