А — ортақ арғы ата; B — буын; C, D — парақтық кластар
Осындай базалық механизмдерге: мұралануды, инкапсуляцияны жəне
полиморфизмді жатқызу қажет.
Мұралану — бұл бір кластың екінші класқа өз атрибуттері мен
операцияларын беру қабілеті. Операциялар мен атрибуттерді
қабылдайтын объект, төменгі класс деп, ал объект көзі – суперкласс
деп аталады. Нəтижесінде иерархиялық құрылым пайда болады (2.2-
сурет).
Мұралану бұрын əзірленген деректерді өңдеу алгоритмдерін
пайдаланып, төменгі кластарға жаңа атрибуттер мен операцияларды
қоса отырып, жүйені жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Иерархия басында «Ортақ арғы ата» ˗ абстрактілік объект
қойылады. Егер объектілер иерархиясында суперкласс болып
табылмайтын объектілер бар болса, олар парақты деп аталады.
Инкапсуляция кластарда атрибуттер мен операцияларды жинақтау
үдерісі болып табылады.
Полиморфизм — бұл объектілердің бір аттас, бірақ əр түрлі
əрекеттерді орындайтын əдістерді қамту қасиеті. Бұдан əрі
полиморфтық əдістерді шақырту үлгісі келтірілген:
А класы. F операциясы ();
Б класы. F операциясы ();
Визуалды əзірлеу
технологиясы
ақпараттық жүйе үшін
33
бағдарламалық қамсыздандыруды құру үдерісін айтарлықтай
жеделдетуге мүмкіндік береді. Әзірлеушінің операциялық жүйе
ортасында пайдаланушының графикалық интерфейсімен пайдалануға
арналған жүйе интерфейсінің элементтерін əзірлеуді дизайнер
режимінде орындауға мүмкіндігі бар. Құрылатын элементтер —
сұхбаттасу терезесі мен элементтері сияқты үлгілі кластардың
даналары.
2.1.
Ақпараттық жүйелерді канондық жобалау
Ақпараттық жүйелерді жобалау үдерісі негізніде жүйелерді
канондық жобалау əдістемесі жатыр. Осы əдістеме МЕМСТ 34.601
— 90 сипатталған.
Осы стандартқа сəйкес канондық жобалау жобалық жұмыстарды
белгілі бір алгоритм бойынша орындауды көздейді. Жобалаудың
бірнеше қадамын бір кезеңде біріктіріп, бірден бірнеше қадамды
орындауға жол беріледі.
Канондық жобалаудың сегіз кезеңін белгілейді:
1)
жүйеге қойылатын талаптарды қалыптастыру;
2)
ақпараттық жүйенің тұжырымдамасын əзірлеу;
3)
əзірлеуге техникалық тапсырма;
4)
эскиздік жобаны жасау;
5)
техникалық жобаны əзірлеу;
6)
жұмыс құжаттамасын жасау;
7)
жүйені пайдалануға енгізу;
8)
жүйені тапсырыс берушіге тапсырғаннан кейін оны қолдау.
Бірінші
кезеңде
—
жүйеге
қойылатын
талаптарды
қалыптастыру үшін жүйе құрылатын ұйымды тексеру орындалады.
Тексеруді əзірлеуші-сарапшылар
жүйенің келешек
пайдаланушыларынан «сұхбат» алу жолымен жүргізеді. Жүйені құру
қажеттілігін дəлелдейді, пайдаланушылардың жүйеге қоятын
талаптарын айқындайды.
Ақпараттық жүйенің тұжырымдамасын әзірлеу ғылыми-
техникалық жұмыстарды жүргізуді білдіреді. Мұнда болашақ жүйенің
функциялары айқындалады, оның құрылымы белгіленеді.
Әзірлеуге техникалық тапсырма ақпараттық жүйені жеткізушінің
жұмыстарды іске асырған кезде орындайтын міндеттерін сипаттау
жəне белгілеу құралы ретінде тапсырыс берушімен пайдаланылатын
құжат болып табылады.
Эскиздік жобаны жасау деректер қорын, пайдаланушының
интерфейсін əзірлеуге бағытталған алдын ала шешімдерді қабылдауды
көздейді. Бұл кезеңде жүйені əзірлеу үшін қажетті бағдарламалық
жəне аппараттық құралдарды таңдайды; жүйені жекелеген қосалқы
34
жүйелерге бөлшектеу орындалуы мүмкін.
Техникалық жобаны әзірлеу құрылатын жүйеге жəне оның
қосалқы жүйелеріне жобалық шешімдерді, құжаттаманы əзірлеуді
болжайды. Жүйені əзірлеу жəне өрістету үшін қажетті жабдықтың
ерекшелігін жасайды.
Жұмыс құжаттамасын жасау жүйені жобалаушыларға
нұсқаулықтарды əзірлеуді қамтиды. Осы нұсқаулықтар жұмыс
бағдарламалары түрінде рəсімделеді.
Жүйені пайдалануға енгізу ұйымда жүйені өрістету үшін қажетті
жұмыстарды жүргізуді, қызмет көрсетуші персоналды оқытуды,
жүйені бағдарламалық жəне апараттық құралдармен толымдауды,
жүйені тапсырыс берушіге көрсетуді көздейді.
Жүйені тапсырыс берушіге тапсырғаннан кейін оны қолдау: оған
кепілдік қызмет көрсетуді; ары қарай жойылу сəтіне дейін
сүймелдеуді;
кепілдік
міндеттемелерге
сəйкес
жұмыстарды
орындауды; кепілдіктен кейінгі қызмет көрсетуді болжайды.
Ақпараттық жүйені жобалаған кезде осы жүйені пайдаланатын
ұйымды тексеруді жүргізу басты элемент болып табылады.
Тексеру мақсаттары: кəспорынның ұйымдық құрылымын зерделеу
жəне талдау; кəсіпорында қабылданған өңдеу технологиясын зерделеу
жəне талдау.
Тексеру нəтижелері мынандай міндеттерді шешу үшін
пайдаланылады:
а) жүйені əзірлеу қажеттілігін дəлелдеу;
б) техникалық тапсырманы жасау;
в) жүйенің техникалық жəне жұмыс жобаларын əзірлеу.
Тексерген кезде жүйені енгізу стратегиясын белгілейді жəне ұйым
қызметін егжей-тегжей талдауды жүргізеді.
Енгізу стратегиясын талдау:
•
жүйені əзірлеуге жəне енгізуге ықпал ете алатын факторларды;
•
жүйенің құрылымын, қажетті бағдарламалық жəне аппараттық
қамсыздандыруды;
•
жүйенің пайдаланушыларын;
•
жүйені енгізу мерзімдерін;
•
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті
шараларды;
•
жүйенің функцияларының ерекшеліктерін;
•
жүйенің физикалық жəне моральдық тозуы жағдайында оны
жаңғырту мүмкіндігін;
•
жүйенің ақпараттық құрылымдарын;
•
пайдаланушылар мен жүйе арасындағы өзара іс-қимыл
қағидаларын айқындауға мүмкіндік береді.
Ұйымның қызметін егжей-тегжей талдау кезеңінде басқару
35
функциясын іске асыруды қамтамасыз ететін міндеттер зерттеледі.
Бұл ретте басқару иерархиясы туралы айту орынды. Басқару
иерархиясы үш деңгейді белгілеуді көздейді:
1)
операциялық — ағымдағы міндеттерді шешу;
2)
орташа — басқару міндеттерін шешу;
3)
стратегиялық (жоғарғы) — ұзақ мерзімді жоспарлау
міндеттерін шешу.
Басқару пирамидасын талдау қосалқы жүйелерді жəне олар
алдында тұрған міндеттер тізбесін айқындауға мүмкіндік береді.
Жүйені тексеру үдерісінде жиналған ақпарат мəндік саланың
моделін жасауға мүмкіндік береді. бұл ретте осы жүйенің жұмыс
істеуі үшін маңызды оқиғалар тіркеледі жəне осы оқиғалардың
қатысушылары – ақпараттық мəндер белгіленеді.
Құжаттық ақпараттық жүйені əзірлеген кезде құжат айналымын
талдау үдерісінің маңызы зор. Құжат айналымын талдауының
мынандай ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді:
•
құжаттар саны;
•
құжаттың деректерін қалыптастыру орны;
•
құжаттарды құрған кезде олардың өзара байланысы;
•
құжаттың қозғалыс маршруты жəне уақыты;
•
осы құжатты пайдалану жəне сақтау орны;
•
ішкі жəне сыртқы ақпараттық байланыстар;
•
құжаттың белгілердегі ақпараттық көлемі.
Жүйенің белгіленген функцияларын қажетті, қалаулы, болжамды
жəне жоқ функциялар ретінде жіктеуге болады.
Ұйым қызметінің жалпыланған ақпараттық моделі «ҚАЗІРГІ
ҚАЛПЫ» қағидаты бойыншанемесе «НЕ БОЛУЫ ТИІС» қағидаты
бойынша құрылуы тиіс. Бірінші жағдайда ұйымдағы іс жүргізу
қағидалары есепке алынады, екінші модель ақпараттық жүйені
енгізгеннен кейін құжат айналымында қандай өзгерістер пайда
болатыны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Жобалауды орындаған кезде аралық нəтижелерді тестілеуді
орындайтын арнайы сарапшылар тобы бөлінеді. Тестілеу үдерісінде
қателердің қайталануын жібермеу мақсатында жүйені əзірлеу тарихын
қарап шығу үшін қателер репозиторийін
құру ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |