Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


  Ақпараттық жүйелерді әзірлеген кездегі



Pdf көрінісі
бет41/96
Дата02.11.2022
өлшемі4,05 Mb.
#46918
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   96
Байланысты:
Мезенцев-АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН-АҚПАРАТТЫҚ-ЖҮЙЕЛЕР.-Оқулық

2.5. 
Ақпараттық жүйелерді әзірлеген кездегі 
объектілік-бағдарланған тәсілдеме 
 
Мəндік саланы талдау белгілі бір мəндерді жəне олар арасындағы 
байланыстарды айқындауға əкеп соғады. Мəн мəндік саланың қайсыбір 
абстракциясы— класы, яғни класы — нақты объектінің қайсыбір 
түптұлғасы болып табылады. Абстракция нəтижесінде əзірлеуші онда осы 
кластың мəндік саланың моделіндегі ерекшеліктерін көрсететін 
сипаттамаларды – атрибуттерді белгілейді. Мысалы, ұйымдағы 
қызметкерлердің кадрлық есепке алу үдерістерін автоматтандыру үшін 
ақпараттық жүйені əзірлеген кезде мəндік салада мəнін – «Қызметкер» 
класын белгілеу қажет.
Осы кластың негізгі сипаттамалары: табельдік нөмірі, қызметкердің аты, 
оның лауазымы, жұмыс өтілі болуы мүмкін. Мəндік сала тек физикалық 
объектілерді ғана емес, үдерістер жəне басқа абстракциялар туралы да 
мəліметтерді қамтуы тиіс. 


82 
Осы кластың даналар жиыны мынандай ерекшеліктерге ие: барлық 
даналардың сипаттамалар жинағы бірдей; барлық даналар бірдей қағидалар 
жинағына жəне тəртіп бағытына бағынысты жəне олармен келісіледі. 
Жалпы түрде мəндік салада 2.23-кестеде келтірілген кластар белгіленуі 
мүмкін. 
Мəндік салада белгіленген кластар белгілі бір түрде бір-бірімен 
байланысқан болуы тиіс. Осындай байланыстардың үш негізгі түрі бар: 
біреуі біреуге, біреуі көбіне, көбі көбіне. Нəтижесінде кластардан жəне 
олардың арасындағы байланыстардан тұратын мəндік саласының моделі 
туындайды. Осы модельдің ЭЕМ жадындағы бейнесі деректер қоры деп 
аталады. 
«Мән-байланыс» моделі. Бұл модель мəндік саланың статикалық 
моделін құруға мүмкіндік береді. Ақпараттық жүйелер теориясында 
осындай ER-модель (Entity — Rеlаtiоnshiр) шартты белгісіне ие болды.
ER-модельдеуді пайдалану пəндік саланың моделін кезең-кезең құруды 
көздейді: қисынды модель құру; тұжырымдамалық модель құру. 
Қисынды модель ақпараттық жүйенің мəндік саласында белгіленген, 
бір-бірімен белгілі бір түрде байланыстырылған мəндер жинағы болып 
табылады.
Тұжырымдамалық модель — қисынды модельдің егжей-тегжейін ашу. 
Ол да мəндерді жəне олар арасындағы байланыстарды. 
2.23-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет