Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет59/96
Дата02.11.2022
өлшемі4,05 Mb.
#46918
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   96
ARIS
 шартты белгілер 
 
ARIS
үдерістерінің DFDд иаграммалары жоғарғы деңгейдегі бизнес- 
үдерістерді сипаттау үшін пайдаланылады. Стандарттық DFD-моделімен 
салыстырғанда ARIS əдіснамасы осындай диаграммалардың екі түрін 
қолдануды көздейді. 
Диаграммалардың бірінші түрі тиісті объектілерді белгілеу жолымен 
жүйедегі ақпараттық жəне материалдық алмасу моделін құруға мүмкіндік 
береді. Бұл ретте модельге үшінші объект - ақпараттық жəне материалдық 
алмасу үдерісіне қатысушы бөлімше қатысады. 
2.40 кесте 
Үдеріс ортасына арналған шартты белгілер


115 
 
2.49
-сурет. Таңдау матрицасы 
Объектілерді диаграммада байланыстыру үшін материалдық жəне 
ақпараттық объектілер қозғалысының реттілігін көрсететін бағытталған 
нұсқарлар пайдаланылады. 
Диаграмманың басқа нұсқасы — үдерісті таңдау матрицасы. Жалпы 
түрде осындай модель қосөлшемді құрылым болып табылады. Y осі 
бойымен ұйымның негізгі функциялары, ал Х осі бойымен — бизнес- 
үдерістер орналастырылады. Матрицаның мазмұны бизнес-үдерістің 
құрамдас бөліктерін жəне құрамдас бөліктерімен байланысты тиісті 
құрылымдық бөлімшелерді көрсетеді. 2.49-суретінде таңдау 
матрицасының үлгісі келтірілген. 
Оқиғалармен басқарылатын үдерістердің кеңейтілген тізбегі. Төменгі 
деңгейдегі бизнес-үдерістерді сипаттау үшін қолданылады. Белгілі бір 
əрекеттер реттілігін көрсетеді жəне WFD-диаграмма болып табылады. 
2.41
-кестеде осындай типті диаграммаларда пайдаланылатын шартты 
белгілер көрсетілген. 
2.41 кесте 
ARIS WFD
 шартты белгілері 
 


116 
2.41 кестенің соңы 
Ұйымдық құрылымның диаграммасы. Бөлімшелердің жəне олар 
арасындағы өзара байланыстардың сипаттамасы болып табылады. Осы 
модельде пайдаланылатын шартты белгілер 2.42-кестесінде көрсетіледі. 
Ақпараттық жүйелер түрлерінің диаграммалары. Ұйымдағы 
деректерді өңдеу үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамсыздандырудың 
немесе ақпараттық жүйенің құрылымы. Шартты белгілер 2.43-кестесінде 
келтірілген. 
2.42 кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет